8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2021 1500 0
Қоғам

ОРАЛДА 3793 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «Жайық үні-Жизнь города» газетіне «Қаламыздың даму жолында әр оралдықтың  еңбегі зор!» тақырыбында берген сұхбатында айтты. 

– Қала кейінгі он жылда екі есе өсті. Қазір 350 мыңға жуық адам тұрады, олар аудан, ауылдардан көшіп келді. Біз олардың барлығын жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек. Биылғы жылдың 8 айында қала бойынша жұмысқа орналасу мәселесімен 7 689 адам жолығып, оның 2 142 жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш берді және 3 793 адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды, – деді Абат Абайұлы.

Соның ішінде 1535 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 277 адам жастар практикасына, 1 383 адам қоғамдық жұмыстарға, 70 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 303 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданған. 174 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берілді. «Еңбек «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 адам несие алды. Олар жүк тасымалдау, арнайы техника сатып алу, азық-түлік дүкені, халал кафе, мерекелік безендіру, ағаш өңдеу бағыттарында өз істерін ашты.

– Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру – бұл жаңа жұмыс орындарын құрудың драйвері. Биыл Оралда жалпы құны 17,4 миллиард теңге болатын 42 жоба жүзеге асырылуда. Бұл 924 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде жиһаз фабрикасының құрылысы, сүт зауытының құрылысы, ат спорты кешенінің құрылысы, панельді радиаторлар өндірісі, жылыжай кешенінің құрылысы, медициналық орталық, пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу желісі, тауарларға арналған пластмасса қаптамалар өндірісі, демалыс базасы сияқты жобалар бар, – деп толықтырды қала басшысы.

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА, 

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»