8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2021 1979 0
Қоғам

ОРАЛ САЯБАҒЫНДА ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН БАПКЕРІ А.ШОРАЕВҚА АРНАЛҒАН АЛАҢ АШЫЛДЫ

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауында БҚО велосипед спорты  федерациясының президенті, велосипед және шаңғы спортынан КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері Асқар Шораевқа арналған алаң ашылып, тақтатас орнатылды. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қатысып, жаңа алаң қалалықтар мен қала қонақтары үшін демалатын жайлы орынға айналатынына сенiмін білдірді.

Саябақтың оң  жағалауында бұл тақтатастың орнатылуы тегін емес. Өйткені осыдан 4 жыл бұрын ашылған  велосипед жолының салынуына бастамашы болған Асқар Шораев болатын. Алаңның салтанатты ашылуында қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев Асқар Ишанұлының жастарды қолдап, спортқа балудағы және өңірдегі спорт саласының дамуына қосқан үлесіне алғысын айтты. Ардагерге құрметпен шапан жауып, қала әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті.

Асқар Шоревтың айтуынша, бұл аумақты игі іске  пайдалану идеясы 2012 жылы ойына келген. Көп ұзартпай өңір басшылығына ұсынысын айтып, бастама қолдау тапты.

– Ұзақ жылдар Теміртауда еңбек еттім. 2005 жылы  елге келген соң, туған жерімде де жұртшылық үшін пайдалы жақсы ізім қалуы керек деген ой болды. Бір қыста осы маңды шаңғымен жүріп өттім, барлап, өзімше зерделеп шықтым. Сол кездегі облыс басшысы Нұрлан Асқарұлына арнайы барып, идеяммен бөлістім, – деп еске алды Асқар Ишанұлы.

Идея негізінде жоба жасалып, «ҚПО б.в» компаниясының қаржыландыруымен мердігер «Марасант» ЖШС жол құрылысын жүргізді. Осылайша, 41 гектарлық аумақ игеріліп, жалпы ұзындығы ұзындығы – 2,7 шақырымдық велосипед жолы салынды. Оның 400 метрі – балаларға арналған шағын айналым жолы. Жаңа орында афальтты-бетонмен жабылған 800 метр қашықтықты қамтитын автокөлік жолы да дайындалды. Жол бойы арнайы сызықтармен екшеленіп, белгілер таңбаланды. Велосипед жолының ашылуы Елбасының 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысушылардың қатарын 30 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға серпін бергенін атап өткен жөн. Сол уақыттан бері бұл аумақ спортпен айналысушылар үшін  жайлы орынға айналды. Жыл бойы  көпшілік жарыстар өткізіліп келеді. Қазіргі уақытта өңір халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысушылардың қатарында. Оның ішінде велосипедшілер де күн санап көбейіп келеді.

Салтанатты ашылу қалалық дене шынықтыру және  спорт бөлімі ұйымдастырған жас спортшылардың веложарысымен жалғасты.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»