8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2023 2797 0
Қалалықтар қаперіне

Оралға «Музыкалық жас көрермен театры» келді

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірімізге іссапармен келген Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» директоры Асхат Маемировты және театр әртістері 71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы Самал Еслямова, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асылхан Төлепов, Аман Ғұмаров, Армат Амандықов, Оразалы Игілік, Ернар Мұхамбет пен Жұлқаш Жұмажанды қабылдады.

Кездесу барысында өнерді дәріптеу, театрды қолдау, жас буынның тәрбиесі өңірдегі театр өнерін дамыту мәселелері талқыланды.

-Қасиетті Ақ Жайық өңіріне қош келесіздер. Өнер – халқымыздың басты құндылығы. Ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін өнер әлемінде жалғап келе жатқан театр – көрермендер арасындағы алтын көпір болып келеді.

Сіздер ұйымдастыруға белсене араласып жүрген театрдағы шаралардың, өткізген қойылымдарыңыздың атқаратын рөлі өте маңызды,-деген өңір басшысы халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етудегі өнердің, соның ішінде театрдың маңызын атап өтіп, Ақжайық өңіріндегі гастролдік сапарының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Өз кезегінде театр директоры Асхат Маемиров өзі басқаратын театрдың қызметі, сондай-ақ отандық театрлардың, соның ішінде өңірдегі театрлардың жұмысы туралы баяндады. Ол туған жерге табан тіреген кездегі толқынысын жасыра алмай, құшақ жая қарсы алған жерлестеріне ризашылығын білдірді.

Өнер айдынына енді қадам басқан жас театр 2020 жылдың 1-ші қазанында құрылған болатын. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында есігін айқара ашқан театрдың алғашқы маусымының тұсаукесері – халқымыздың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай сахналанған М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы болды.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»