«ОҚУҒА, КӘСІП АШУҒА, ҮЙ АЛУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАП ОТЫР»

Сұңғатов Жандос Әміржанұлы, БҚО «Жас Отан» жастар қанаты орталық кеңес мүшесі:
Міне жастар жылы да бастау алды. Жастар жылының жақсылығы мол болмақ.
Елбасы еліміздің болашағы үшін білім мен ғылымды, кәсіркелікті дамыту керек екенін тілге тиек етті. Талантты, білімді жас ғалымдарға әрі қарай даму үшін бар жағдай жасап, әлемнің үздік оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беру керектігін айтты. Аграрлық өнеркәсіпті дамыту үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасын, жеңіл өнеркәсіп және елімізде артта қалып келе жатқан өзге де кәсіпкерлік салаларын дамыту үшін «Жас кәсіпкер» жобасына бірнеше миллиардтап қаржы бөлуді тапсырды.
Ауылдардағы кадр мәселесін шешу мақсатында жүргізіліп жатқан «Дипломмен ауылға» жобасына қатысатын мамандықтар санын көбейтуді және біржолғы жәрдемақыны 100 АЕК-ке дейін ұлғайтуды бұйырды. Жұмыссыз жастарға арналған » Жас маман» жобасы да биылдан бастап жүзеге асатын болады.
Қазақ ешқашан жетімін жылатпаған, ата-анасын қаңғыртпаған халық екенін еске салып, «Қарттар үйі», «Жетімдер үйі» деген елімізде болмауы тиіс деді. Мұқтаж адамдар жан жылулығын сыйлап, жиірек көмек көрсетуге шақырды. Еріктілердің де мәртебесі өсіп, студент еріктілерге 30% мөлшерде грант бөлінетіне де қуантты.
Сонымен қатар, Елбасы тарихтан сыр шертіп, тәуелсіздіктің бағасын түсініп, оны нығайтуды, елді дамытуды, қорғауды жастарға сеніп тапсырды.Мемлекет жастарға оқуға, жұмыс жасауға, кәсіп ашуға, үй алуға бар жағдайды жасап отыр. Енді бұдан артық ештеңе керек емес сияқты. Жастар жылының қалай өтуі тікелей бізге қатысты. Беріліп тұрған мүмкіндікті уақытында пайдалана білуіміз керек.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу