ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕН РУХАНИ САБАҚ АЛДЫ
Ақ Жайық өлкесі әуелбастан ақын мен жыршының, батыр мен күйшінің елі. Туған даласын сүйе білген ақын да, батыр да, күйші де өз туған жерін қара өлеңіне, күмбірлеген күйіне қосатыны сөзсіз. Осы орайда облыстық тілдерді дамыту басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» және «Ерең еңбегі үшін» медальдарының иегері, қоғам қайраткері Шолпан Қыдырниязовамен «Менің тәрбие сағатым» тақырыбында әдеби-танымдық кездесу кеші өтті.

Ақ Жайық, ару Жайық, асау Жайық,
Мен келдім сағынышпен құшақ жайып.
Жатырсың кербез сұлу сен көсіле,
Ақ маржан аспанға атып өр төсінде.
Сен мені сағынышпен күттің бе екен?
Өзіндік көңілімді ұқтым ба екен?
Толқының ағыс қуып алас ұрдың,
Негізін жүрегіме қалап жырдың.
Пернесін өзің бастың алғаш жырдың,
Жүректе жыр өзегін жалғастырдың.
Көңілім бейне толқын, шабыт ағыс,
Өлең-қыз, біз жаға да табысамыз. Әлқиссасы осы өлең жолдарымен басталған сырлы-сұхбат кездесуінде айтыскер ақын Шолпан Батырқызының ғұмырнамасы мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгіме қозғалды. Ақ тілектер тізбегін ағытқан педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев Шолпан Батырқызының қазақ халық ауыз әдебиетіне, Ақ Жайық мәдениетінің дамуына қосқан сүбелі еңбектерін студенттерге үлгі етіп, ақынды мерейлі жетпіс жасымен құттықтады.
Кеш барысында Махамбет ордасының жас ақындары Е.Қалижан, А.Сламғали, Н.Қадырқұлов төл туындыларын оқыса, Ғ.Ғабитов, Ғ.Әселханым, Қ.Жадыра шоқтығы биік жырларынан үзінділер оқыды. Е.Кінәма «Аяулы ана» әнін тебірене шырқады. Бұл күні Ақ Жайық айтысының анасына айналған айтыскер ақын, ұлағатты ұстаз, асыл ана, мейірімді әже атанған Шолпан Батырқызы жас ұрпаққа өнегелі тәрбие сағатымен сусындатты.
Нұрлан ЕДІГЕНОВ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу