«NUR OTAN-НЫҢ» БҚО ФИЛИАЛЫ БЕС ЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫН ӘЗІРЛЕДІ
Жол картасында партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды жүзеге асыру нақтыланған. Бес жыл бойы атқарылатын іс-шаралар фракция мүшелерінің танысуына ұсынылды. Құжат 15 ақпан күні кеңейтілген фракция отырысында талқыланып, бюро шешімімен бекітіледі.

Бүгін, 11 ақпан күні облыстық филиал Төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев фракция мүшелерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде праймериз және сайлауалды үгіт-насихаттық кездесулер кезінде халықтан жиналған аманаттарды жүзеге асыру мәселесі қозғалды.
Фракция басшысы М.Мұқаевтың мәліметінше, кездесулер кезінде облыс тұрғындары партия өкілдеріне 2000-нан астам аманат жүктеген. Олардың 40 пайызы сайлауалды бағдарламаға енген ұсыныстар.
– Жиналған аманаттар 7 басым бағыт бойынша жіктелді. Аманаттардың орындалуы – біздің басты назарымызда болады, оған бірлескен жұмыс қажет, – деген Мұрат Рахметұлы облыстық мәслихаттардың қала және аудан мәслихаттары депутаттарымен қарым-қатынасын нығайту, әр өңірдегі мәселелердің шешімін табуға бірлесе жұмыстану жолдары туралы айтты.
Кездесудің күн тәртібіндегі екінші жайт – облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің тапсырмасы бойынша халық үшін өзекті мәселелердің шешілуіне депутаттардың үн қосуы. Бұл орайда әр депутат тұрғындарды мазалап жүрген жағдайларды ескере отырып, өзіне қолайлы, жанына жақын сала бойынша мәселені көтеріп, жыл бойы сол бағытта жұмыстануы керек. Мұндай тәжірибе облыстық партия филиалында бұған дейін де қалыптасып үлгерді. Мәселен, өткен жылы облыстық мәслихат депутаты – «Uniserv» компаниясының басшысы Н.Сәтбаев діни экстермизммен күрес мәселесін қозғап, дін саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруды қаржыландырған. Депутат Д.Ғалиметдинова коммуналдық қызметтер бойынша бірыңғай төлем жүйесін енгізуге жұмыстанды. Дәл осындай жұмыстарды қазіргі депутаттар да жалғастыруы керек.
Фракция талқылауына ұсынылған үшінші мәселе – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау. Қазіргі уақытта бес жылға арналған сайлауалды бағдарламаны іске асыру іс-шарасының жол картасы дайындалған.
– Жол картасында әр депутаттың міндеттемелері бөлінді. Бұл ретте олардың қай салада қызмет жасайтыны, қай салаға жақын екені, туған жері ескерілді. Жүктелген міндеттеме бойынша олар халықпен, мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәселені шешудің жолдарын іздеуге жұмыстанатын болады, – деді фракция басшысы Мұрат Рахметұлы.
15 ақпан күні кеңейтілген фракция отырысы өтеді. Жол картасы сол күні тағы бір мәрте талқылаудан өтіп, партияның бюро отырысында нақты бекітілмек.

Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу