8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2018 4066 0
Қалалықтар қаперіне

«ӨНЕРДІҢ ӨРНЕКТІ ҚЫРЛАРЫ»

Орал қаласында «Өнердің өрнекті қырлары» атты көркем-эстетикалық пәндері мұғалімдерінің облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында  өз жазу мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындары,  бабаларымыздың мәдениетін дәріптеу, мұғалімдерді ұлтжандылыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, салт-дәстүрімізді дәріптеуге, ұлттық құндылықтарымызды қолөнерді өркендетуге бағыттау, туған еліміздің тарихын, қолөнерін зерттеп оны қолданбалы және бейнелеу өнері арқылы бейнелейтін үздік шығармашыл ұстаздарды анықтау, қолдау көрсету.

Көрме байқауына Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, облыстық мектептерден, 12 ауданнан және Орал қаласының мектептерінен 15 бағыт бойынша 147 жұмыс қойылды. Ұсынылған жұмыстардан технология, бейнелеу, көркем еңбек пәні мұғалімдерінің жұмыстары бірінен бірі өтетін шеберлік пен шығармашылықты, әркімнің өзіне тән айшықты өрнектерді, жаңа технологияларды көруге болады. Елбасы мақаласындағы жеті қырдың үш қыры жұмыстардан айқын көрінеді. Мысалы, «Атқа міну мәдениеті» қырына сай ту ұстаған салт атты жауынгерлердің ел қорғауға аттанған сәттері бейнеленген суреттер, аңшы суреттері, мүсіндер, т.б. жұмыстарда көрінеді. «Аң стилі» мен «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» қырлары көрмеге қойылған әшекейлерде, сурет, кескіндеме сияқты түрлі бағыттағы жұмыстарда өрнектелген. Жұмыстарды бағалауда қазылар алқасы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің оқытушылары және тәжірибелі педагогтар әр бағыт бойынша жұмыстанды. Қазылар алқасы жұмыстарды, мұғалімдердің шеберлігі мен шығармашылығын жоғары бағалады. Өсу мен өзгеру бар екенін атап өтті. Байқауға қатысқан педагогтар шығармашылық жұмыстарында тәжірибе алмасып, бір-бірінің жұмысын көріп, өзара пікір алмасуына мүмкіндік алды.
Көрме байқауы нәтижесінде 15 бағыт бойынша Бас жүлде, бірінші, екінші, және екі үшінші орындар берілді.

P.S. Көрме жұмыстары 29 желтоқсанға дейін Орал қаласының Көрме залына қойылады. Көріп, тамашалаймын деушілерге есік ашық! Келіңіздер! Көріңіздер! Керемет өнер туындыларын көресіздер! Көрменің мекенжайы Достық даңғылы 106 үй, Революция аялдамасы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»