8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Тамыз 2025 1244 0
Мәдениет

Өнерде өз жолын тапқан RaiM

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар жас орындаушы RaiM (Райымбек Бақтыгереев) қазіргі тыңдармандардың сүйікті әртістерінің бірі. Рэп пен хип-хопты ұлттық нақышпен үйлестіре білген оралдық өнерпаздың шығармашылық жолы да, жеке өмірі де көпшіліктің қызығушылығын тудырып келеді.


Raim – 
 қазақстандық музыкант және рэп орындаушы. Оның есімі музыка әлемінде танымал әріптестері мен тыңдармандары арасында алғашқы шығармаларынан-ақ айтыла бастады. Райымбектің толық аты-жөні Райымбек Бақтыгереев. Ол 1996 жылдың 18 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Шағатай ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектепте оқып жүрген кезінде-ақ Райымбек музыкаға, әсіресе рэп пен хип-хоп жанрларына қызығушылық танытты. Ол мектепішілік мерекелерге белсенді қатысып, көрерменнің назарын өзіне аударып, зор қошеметке ие болатын. Уақыт өте келе, өзінің алғашқы авторлық әндерін жаза бастады. Жас өнерпазға бұл жолда ноутбук, микрофон және аудиоредактор көмектесті. Ол алғашқы шығармаларын достарына тыңдатып жүрген. Көп ұзамай, түнгі клубтардағы кештерде өнер көрсетіп,үйлену тойлары мен жиындарда ән айта бастаған. Музыкалық мансабын бастаумен қатар, Raim фриланс арқылы табыс тауып, Жаһанша Досмұхамедов атындағы колледжде «Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алды.

Ауылдың қара баласы үлкен сахнада!

2017 жылы Райм өзінің алғашқы жеке альбомын «Қара бала» деген атаумен жазды. Бұл альбом оның өмірімен тығыз байланысты. Қарапайым ауыл баласының үлкен сахнаға, өмірдің мәніне деген армандары бейнеленген. Альбом ресми түрде жарық көрмесе де, бұл оның үлкен шығармашылық жолының бастауы болды. 2018 жылы ол ресми түрде екінші жеке альбомын «O2» (яғни, «Оттегі») жарыққа шығарды. Бұл альбом кең танымалдылыққа ие болып, бірнеше әні хит-парадтарда алдыңғы орындарға шықты. «Двигаться» синглі нағыз мегахитке айналып, ұзақ уақыт үздік чарттарда тұрды. Альбомға Artur, Adil, Zhenis секілді әртістер қатысты.

Жеке шығармашылығымен қатар, RaiM DDRECORDS командасындағы әртістермен бірлесе әндер жазды. 2017 жылы ол Артурмен бірге «Самая вышка» әнін жазып, 2018 жылдың басында бұл әнге алғашқы бейнебаян түсірілді. Сол жылы жазда олар бірге «Дискотека из 90» әнін жазып, бұл туынды да үлкен танымалдыққа ие болды.

2019 жылы RaiM өзінің үшінші альбомы — «Шам» альбомын жазды. Бұл альбом алдыңғы шығармаларынан стилі мен мазмұны жағынан өзгеше. Ол этно-стильде жазылып, барлық ән атаулары үш әріптен тұрады бұл үшінші альбомға сілтеме ретінде алынған. «Шам» әніне бейнебаян түсірілді. Альбомға танымал қазақстандық рэпер Al Nasr қатысты. Осы жылы Артурмен бірге «Симпа», «Сәукеле» атты дуэттер жазылды. «Симпа» әні үшін олар платина диск алды және YouTube желісінде 100 миллионнан астам қаралым жинады.

2020 жылы RaiM көптеген синглдер жазып, тыңдармандардың жүрегін жаулады. Наурыз айында Артурмен бірге «Ana» әнін жазып, бейнебаян түсірді. Сол жылы «Latte» әніне арналған анимациялық клип шықты. Бұл клип Райм мен Артурдың бүкіл шығармашылық жолын сипаттайтын, бұрынғы синглдерге жасалған сілтемелерден құралған. 2020 жылдың соңында RaiM жеке орындаудағы «Lova Lo» синглін жарыққа шығарды.

2021 жылы төртінші альбомы «4-döñgelek» (яғни, «4 дөңгелек») жарық көрді. Альбомның тұжырымдамасы жол. Сүйіктісіне апарар жол, үйге апарар жол және шығармашылыққа бет бұру. Альбомда әртүрлі стильдегі 7 трек бар. Ерекшелігі ән мәтіндерінде қазақ, орыс, ағылшын және испан тілдері аралас қолданылған. Альбомда Miko, Alina Gerc секілді қонақ әртістер өнер көрсетті.

RaiM-ның барлық альбомдары мен әндерінің продюсері DDRECORDS командасының музыкалық продюсері, музыкант, аранжировщик. Оның директоры Данияр Рахметжанов.

Сынға да ұшырады

Райымбек Бақтыгереев (Raim) пен Артур Давлетяров (Artur) бір-бірімен жеке таныспай тұрып-ақ, бірін-бірі сырттай білетін. Алайда олардың жолы алғаш рет дыбыс жазу студиясында түйісті. Бұл кездесу олардың шығармашылық өмірінде шешуші сәт болды: қысқа әңгімеден кейін-ақ олар бірлесіп трек жазуға бел буды. Осылайша небәрі 10-15 минут ішінде «Самая вышка» әні дүниеге келді. Ән тез арада әлеуметтік желілерде тарап, би алаңдарыныңнағыз хитіне айналды.

Алайда бұл танымалдықпен бірге сын да болды әншілер плагиат жасады деген айыптауларға ұшырады. Ән төңірегіндегі дау-дамай керісінше көпшіліктің қызығушылығын арттыра түсті.

Сынға қарамастан, шығармашылық тандем өз жұмысын жалғастырды.
2018 жылы Raim мен Artur бірқатар танымал тректерді жарыққа шығарды. Олардың қатарында: «Лава», «90-шы жылдар дискотекасы», «Полетаем» және «Догола» атты әндер бар.  Олардың шығармашылық табысы елеусіз қалған жоқ: орындаушылар «Муз-ТВ» музыкалық жүлдесінде «Интернет таңдауы» және «Жыл жаңалығы» номинациялары бойынша марапатталды.

Соңғы жылдары Raim шығармашылығын тоқтатпай, тыңдармандарын үнемі жаңа туындылармен қуантып келеді.

Дайындаған Дәметкен САҒЫНБАЕВА

(толығырақ “Жайық үні” газетінің №31 санынан оқи аласыздар)

Версия для печати

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»