8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2026 219 0
Өңір жаңалықтары

«NEFTEK» Жаңақалада

 

Жаңақала күннен-күнге көркейіп, заман талабына сай дамып келеді. Осы оң өзгерістердің айқын дәлелдерінің бірі – заманауи «NEFTEK» автожанармай құю станциясының ашылуы.

Жаңа нысанның ашылуына аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен «NEFTEK» ЖШС бас директоры Асылбек Нупов қатысып, ел игілігіне бағытталған маңызды жобаның іске қосылуымен құттықтады.

Бұл – «NEFTEK» компаниясы желісі бойынша іске қосылған 23-ші заманауи бекет. Жобаға 1 млрд теңге инвестиция тартылып, 15 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ айтулы күні компания ұжымы «Мектепке жол» акциясына қолдау білдіріп, ауданымыздағы 8 оқушыға мектеп құралдарын табыстады.

Жаңақала тұрғындары үшін тағы бір маңызды жаңалық – бекет аумағында электр көліктерін қуаттауға мүмкіндік беретін станцияның іске қосылуы. Қазіргі таңда бұл – Орал өңіріндегі «NEFTEK» желісі бойынша жұмыс істеп тұрған жалғыз электрлі қуаттау бекеті.

Мұндай заманауи инфрақұрылымның ауданымызда пайда болуы – Жаңақаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға өз үлесін қосады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
76 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
127 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
165 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»