8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Мамыр 2019 1897 0
Қоғам

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ

         Орал қаласында жаяу жүргіншілердің қатысуымен жиі жол-көлік оқиғалары орын алуда. Осыған орай жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ көліктегі апаттылықты төмендету мақсатында ағымдағы жылғы 16-26 мамыр аралығында Орал қаласы аумағында «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу қолға алынды. Шараның алғашқы күнінде, нақтырақ айтсақ, 16 мамырда Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшылары мен жауапты аға инспекторлары, облыстағы «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі жастар бақылауының белсенді өкілдері бірлесіп рейдке шықты.

Жол қозғалысын қадағалау іс-шараларынан қалмайтын және жаяу жүргіншінің өміріне бей-жай қарамайтын, көпшіліктен жол жүру ережелерінің қатаң сақталуын талап еткен жастар шараны «Ирс» сауда үйі алдындағы жаяу жүргінші өтпесінен бастады. Одан әрі №1 емхана ауданындағы  «Евразия»  даңғылы бойындағы ақ жол өтпесімен жүріп өтіп, қолдарындағы арнайы жазуы бар плакатқа жүргізушілердің назарын аудартты.  Көлік жүргізушілеріне «Жол тәртіпті талап етеді», «Өзіміз бен жақындарымызды бәледен қорғау тек біздің қолымызда» т.б. жазулары бар жадынамаларды үлестірді.

-Жыл басынан бері жаяу жүргіншінің тарапынанан 31 жол көлік апаты тіркелді. Апат нәтижесінде 9 адам ажал құшты. 26 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Жаяу жүргіншінің тікелей қатысымен 10 жол-көлік апаты орын алды. Осының бесеуі жол үстінде көз жұмды. Өткен апта ішінде бірнеше жол апаттары тіркелді. Велосипед руліне отырған тұлғалар тарапынан да апаттар орын алатыны жасырын есмес. 2 велосипед рөліндегі адам апат салдарынан көз жұмды, – дейді Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Динара Абдулкалыкова.

Бұдан әрі арнайы дабылдары бар көліккке отырған патрульдік полиция баталонының инспекторлары Құрманғазы, М.Мәметова көшесі бойымен, Еуразия даңғылы бойымен жылжып,  Орталық базар ауданына дейін жүріп жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтап, арнайы өтпелерден өтулерін талап еткен мәтінді дыбыс зорайтқыштармен таратты.

Кез-келген жаяу жүргінші өтпелі жоқ көшеден өтуге болмайды. Ол үшін жақын маңдағы  көше қиылысына немесе «Жаяу жүргінші өткелі» деген белгі орнатылған жерге дейін барып арнайы өткелден өтуі керек.

«Нараз аударыңыз, жаяу жүргінші» шарасы аясында облыс орталығында бірнеше тексеріс рейдтері ұйымдастырылып, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтаулары тексерілетін болады.

 

 

Гүламан Исмағұлова, Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»