8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2019 2071 0
Қалалықтар қаперіне

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТА ҚАНДАЙ МӘРТЕБЕ МЕН ӨКІЛЕТТІЛІК САҚТАЛАДЫ

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты пікір білдірді.
«Енді Нұрсұлтан Назарбаевта қандай мәртебе мен өкілеттік сақталады? Президенттік өкілеттігі тоқтағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент – Елбасы мәртебесіне ауысты. Бұл саяси-құқықтық мәртебе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңмен бекітілген. Аталған Заң Конституциялық екенін ерекше атап өткен жөн. Ол 2000 жылдың шідесінде қабылданып, 2010 және 2017 жылдары толықтырылды. Оның ішінде бастапқыдағы «Тұңғыш Президент» саяси-құқықтық мәртебесі Елбасы мәртебесімен кеңейтілді. Заңда президенттік өкілеттілік тоқтағаннан кейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша құзыреті мен кепілдіктері, сондай-ақ саяси әрі құқықтық жағдайы белгіленген», – деп жазды Е. Қарин Telegram-дағы парақшасында. Осы орайда Е. Қарин аталған заңға сәйкес, Тұңғыш Президент – Елбасы Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан халқы Ассамблеясын басқаратынын, Конституциялық Кеңестің құрамына енетінін еске салды. Сонымен қатар, Елбасы ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламентте, Үкімет отырыстарында сөз сөйлеуге құқылы. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік құрылыс, ішкі және сыртқы саясат, сондай-ақ ел қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер бойынша бастамалармен Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға үндеу жасай алады. Мұнымен қоса, Н. Назарбаевтың бастамалары мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен қарастыруға міндетті болып саналады. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша бастамалар міндетті тәртіпте онымен бірге келісуге жатады. Тұңғыш Президент-Елбасы қызметін қамтамасыз ету үшін Кеңсе құрылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бөлімшесіне жүктеледі. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңда бекітілген айрықша құзыреттен бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының Төрағасы болып қала береді. Партия мүшелері Парламент пен жергілікті атқарушы органдарда басым көпшілікке ие. Бір сөзбен айтқанда, әлемдік саяси тарихта жаңа феномен пайда болды – ол саяси көшбасшылықтың қазақстандық моделі», – деп түйді Ерлан Қарин.
https://www.inform.kz/kz/erlan-karin-nursultan-nazarbaevta-kanday-martebe-men-okilettik-saktalady_a3509221

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»