8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2019 1876 0
Қалалықтар қаперіне

«НҰРЛЫ ЖЕР» тұрғын үйлерін «7-20-25» арқылы алуға болады?

«Баспана» ипотекалық мекемесі «Нұрлы жер» бағдарламасы үшін ай сайынғы төленетін ақша мөлшерін жариялады.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша адамдар баспананы құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдайды, ал баспаналардың сипаттамалары туралы мәліметті жергілікті әкімдік өкілдерінен сұрау керек. Осыған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары және әкімдікте кезекте тұрған адамдарға ғана үлестірілген еді. Бірақ оған өзгерістер енгізіліп, жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасынан үй алуға «7-20-25» бағдарламасының қатысушылары да мүмкіндік алды. Қатысушыларға соңғы бес жылда баспана және қордың болмау шарттары қойылмаған. Ережеге сәйкес, әкімдік өкілдері пайдаланып жатқан тұрғын үйлерді өздерінің сайты арқылы жариялап отырады. 2019 жылғы несиеге берілетін баспаналардың салыну жобасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтердің ауданы 80 шаршы метрден аспауы қажет. Ауданның ауытқуы 5 пайыздан аспауы керек. Осыған орай, 1-2-3 бөлмелі пәтерлер салынады. Мекеме өкілдері «7-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдік арқылы алынған пәтерлердің ай сайынғы болжамды төлемін жариялады. «Баспана» өкілдерінің мәліметінше, «7-20-25» бағдарламасы «Нұрлы жер» арқылы үй алуға үлкен мүмкіндік береді. Ол үшін әкімдікте кезекке тұрып немесе депозитке жинақтаудың қажеті жоқ. «7-20-25» бағдарламасының қатысушысы болу үшін банк-қатысушаға пәтер құнының 20 пайызын төлеу қажет.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
103 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
77 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»