8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2019 1850 0
Қоғам

ӨМІРІ ЖАРҚЫН КАЛЕЙДОСКОП

Бүгін Н.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, еңбек ардагері Феликс Баюканскийдің 70 жасқа толуына арналған «Праздник души и жизни» атты салтанатты кеші өтті. Мерейтой иесін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтап, салт-дәстүр жоралғысымен иығына оюлы шапан жапты.

Феликс Баюканский – өлкеміздің мәдениеті мен өнеріне ұзақ жылдардан бері сүбелі үлес қосып келе жатқан айтулы азамат. Қызметтік жолын облыстық мемлекеттік архив, өлкетану музейі, қалалық мәдениет бөлімі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы, қалалық «Жастар» мәдениет үйі, мәдени-ағарту бірлестігінде өткерген қадірлі ардагердің 70 жас мерейтойы өз алдына, биыл Орал қаласының мәдениетін дамыту мен мәдени мұраны насихаттаудағы еңбегіне 50 жыл толып отыр. Жайықтағы мәдениет саласын өмірлік ісім деп бағалайтын жан туралы сөз алғандар кеште азаматтық қасиетін, өзгелерге үлгі болар өнегесін ерекше атап өтті.
– Феликс Аркадьевичтің өмірбаяны терең мазмұнға ие оқиғаларға толы жарқын калейдоскоп секілді. Облыстық өлкетану музейінде жасаған кезіңізден Сізді жұртшылық Орал өңірі тарихының білгірі ретінде танып-біледі. Екіншіден, сіз білікті әрі тәжірибелі ұйымдастырушысыз. Ұзақ жылдар қалалық мәдениет бөлімін басқардыңыз. Біздің облыс тірліктің қайнаған ортасы. Елге сыйлы қонақтар, түрлі деңгейдегі өнер ұжымдары гастрольдік сапарлармен келіп-кетіп жатады. Осындай жүктеменің барлығын көтеретін қалалық мәдениет бөлімі. Бірнеше жыл шаһардағы мәдениет бөлімінің тізгінін ұстап, оралдықтар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күймен, шалтты мейрам сыйлап келдіңіз. Сіздің қызметіңіздің үшінші бағытын ерекше атап өткім келеді. Бұл, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі ретінде ең басты құндылығымыз – халықтың бірлігі мен татулығын сақтауға қосқан зор үлесіңіз. Осы қарқындағы жұмысыңызды жоғары бағалаймыз. Өміріңіз ұзақ болсын. Еңбегіңіз әрдайым жемісті болып, сізден кейінгі толқын ізіңізді жалғастырып, мерейіңізді өсіре берсін, – деп құттықтауын жеткізді БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы.
Салтанатты кешке қатысқан Феликс Баюканскийдің әріптестестері, қызметтес болған замандастары, достары мен шәкірттері ыстық лебіздерін білдірді. Кеш иесінің сүйіп тыңдайтын әндері орындалып, өнер ұжымдары биден шашу шашты. Шара соңында мерейтой иесі сөз алып, еңбегін ескерусіз қалдырмаған облыс басшылығына, әріптес-ізбасарларына алғысын жаудырды.
Айта кетейік, шебер және тәжірибелі ұйымдастырушы, қоғам қайраткері жемісті еңбек жолында «Мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін», Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, «Қайсар», ҚР ІІМ 1-2-3 дәрежелі медальдарымен және тағы басқа наградалармен марапатталған болатын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»