«Менімен селфи жасайтындай ол кім сонша»: Роза Рымбаева даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Отандық эстрада дүлділі Роза Рымбаева Семей қаласында өткен концерті кезіндегі даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі сахнаға шығып, өзімен суретке түспек болған жігіттің өзіне сыйластық танытпағанын алға тартты.
Роза Рымбаева жанкүйеріне не себепті ашуланғанын түсіндірді. Ол Наурыз мейрамы кезінде орын алған ыңғайсыз жағдай туралы өз шындығын айтты.
Әнші бұл туралы Тимур Балымбетовтың Youtube арнасына берген сұхбатында баяндады.
«Сол көрермен әртісті сыйламады. Мен мыңдаған көрерменнің алдында ән айтып тұрсам, селфи жасап жатыр. Менің ән айтып тұрғанымда, образда тұрғанымда, мыңдаған халықтың менің әнімді тыңдап тұрғанында шаруасы жоқ. Өзінің ойын жасап жатыр. Бәріне көрсету керек қой. Ал менің Халық әртісі бола тұра халыққа қызмет етіп, өнер көрсетіп жатқаным оны қызықтырып тұрған жоқ. Біздің көрермендердің ана жақты қолдап кететіндігі кішкене мәдениеттің төмендігі деп ойлаймын. Кейінгі 30 жылдықта еркіндік, егемендік келді.
Фонограмма деген сәнге шықты, соның арқасында жұлдыздар көбейіп кетті. Телеарна мен радиодан сәнді әндерді кешке дейін береді, содан осындай тәрбие, жол ашылып кетті. Көрермен де, әншілер де еркіндікте. Нені қалаймын, соны істеймін деген сияқты. Одан да шаршайтын күн болатын шығар. Саннан гөрі сапасына көшетін шығармыз деп үмітімді үзбеймін. Бірақ өзім бір ұстаныммен ғана жүретін адаммын.
Мені, өнерімді сыйламайтын адамға «ары тұр» деп айтамын. Мыңдаған көрерменге қарамай, селфи жасап жатыр. Менімен селфи жасайтындай ол кім соншама? «Бөгет болма, былай тұр, ән айтуға мүмкіндік бер» дедім. Айқайлаған жоқпын, итерген жоқпын. Не істеймін енді? Онымен түссем, екінші, үшінші көрермен шығады. Сосын өзіңді таптайды. Еркіндіктің де шегі болу керек», – деді Рымбаева.
Kaz.nur.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу