МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПРОЦЕСІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Бұл мәселе бүгін, 23 ақпанда «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыс әкімінің орынбасары А.А.Алпысбаевтың қатысуымен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы және мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында талқыланды.


Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобалар, соның ішінде мектептегі тамақтануды мемлекеттік сатып алудың автоматтандырылуы мәселесі талқыланды. Нақтырақ айтқанда, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алуды автоматтандыру қаралды.
БҚО облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысы м.а. П.С.Лежников бұл мәселе бойынша зерделеу жүргізіп, ұсыныстар енгізетінін айтты.
БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары А.Б.Жүнісова тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алуды автоматтандыру жұмыстар жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.
Жиын қорытындысы бойынша аталған тәжірибені өңірімізде жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу