8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2023 1249 0
Мезгіл мәселесі

Мектепке дайындық: Отбасыларға көмек ретіндегі қаражат айдың соңына дейін аударылады

Биыл тамыз айының соңына дейін 460 мыңға жуық оқушыны мектеп формасымен, кеңсе заттарымен қамтамасыз ету бағытында отбасыларға көмек беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасылардағы оқушылар 100% мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. 2022 жылдан бастап материалдық көмек көрсету мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін ата-аналардың карта-шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл тәсіл әр балаға көмек көрсету қаражатының көлемін реттеді (ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес, 2023 жылы – 40 567 теңге)», – делінген Оқу-ағарту министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.

Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған ақпаратына сәйкес, биыл жалпыға бірдей білім беру қоры 65 млрд теңгеден астам соманы құрады. Оның ішінде киіммен, аяқ киіммен және кеңсе заттарымен қамтамасыз етуге 18 млрд теңге бөлінді.

«Бұл қаражатқа 458 299 оқушыға материалдық көмек беру жоспарланған. 2023 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша өңірлер 313 150 баланы (68,3%) қамти отырып, ата-аналар шотындағы картаға 12 млрд теңгеден астам қаржы аударған. Биылғы тамыз айының соңына дейін өңірлерде жергілікті бюджеттен ата-аналардың шоттарына 100% қаражат аудару ескерілген», – деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін материалдық көмек сомасының ең төменгі мөлшері 40 567 теңге болып белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, ірі сауда орталықтарында табысы аз отбасылардың балаларына көмек беру пункттері ашылды. Балалардың құқығын қорғау комитетінде 74-25-28 жедел байланыс телефонына хабарласуға болады. Сондай-ақ, BALA QORǴAÝ Telegram чаты жұмыс істейді.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
32 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
33 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
36 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
94 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»