МАЛДЫҢ ТЕРІСІН ҚАЛДЫРЫП КЕТКЕН ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі Орал қаласындағы «Орбита» саяжай қауымдастығы аумағында ірі қара малдың терілерін тастап кеткен жүргізушінің анықталғанын хабарлады.

17 қаңтар күні сағат 13.59-да Орал қаласы Полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне Орал қаласының тұрғыны хабарласып, әлдекімнің «Орбита» саяжай қауымдастығы аумағына ірі қара малдың терілерін түсіріп кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына полиция инспекторлары барып, іздестіру жұмыстары барысында бейнебақылау камерасына түсіп қалған көлікті, кейіннен жүргізушінің кім екенін анықталған.
Тексеріс барысында 13 қаңтарға қараған түні 1989 жылы туылған қала тұрғыны «Камаз-5511» автокөлігімен ірі қара малдың терілерін түсіргені және оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталған. Терілердің жалпы салмағы 5-6 тонна шамасында.
Қазіргі уақытта бұл азамат ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік жауапқа тартылған.
Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында өткен жылы ҚР ӘҚ туралы Кодекстің 505-бабы бойынша 3927 тәртіп бұзушы жауапқа тартылған. Ал Орал қаласы Полиция басқармасы желдел басқару орталығының мәліметінше, 2018 жылы Орал қаласындағы бейнебақылау камералары арқылы 16 104 заңбұзушылықтың жолы кесілген.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу