8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2018 1973 0
Қоғам

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ШЕНЕУНІКТЕРІ ЖАҢА ЖЫЛДЫ ТОЙЛАУДАН БАС ТАРТТЫ

Маңғыстаулық мемқызметкерлер жаңажылды тойлаудан бас тартты

Маңғыстау облысында бірнеше мемлекеттік мекеме жаңа жылдық корпоративтер мен сыйлық беруден (алудан) бас тартты. Оған кететін ақшаны аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға аудармақшы. Бұл жөнінде өңірлік коммуникация қызметіндегі өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаменті баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов мәлімдеді.

Жаңажылдық корпоративтер мен сыйлықтардан индустриялы даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік; қазынашылық; мемлекеттік кірістер басқармалары мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру; мемлекеттік ішкі аудит; техникалық реттеу және метрология; білім саласын бақылау департаменттері бас тартып отыр. Айта кету керек, әзірге бұл тізімге кіретін жалғыз әкімдік – Жаңаөзен қалалық әкімдігі.

Оқуовтың айтуына қарағанда, бұл жерде ешқандай қыстау болмаған, бәрі ұжымдық келісім бойынша шешілген.

— Біз құттықтаулармен ғана шектелмекпіз. Өзге мемқызметкерлерге де осыны ұсынамыз. Жиналған ақшаны ресторандарға құртқанша, аз қамтылған отбасыларға жаңа жылға сыйлық берген дұрыс емес пе, – дейді ол.

Баспасөз хатшысы сондай-ақ, «Аяз атаға хат» атты қайырымдылық акциясын қолдайтындарын, бұл акция арқылы балалар өздеріне ең керекті деген заттарын жазатынын айтады. Ал, бұл акцияға қатысудың бір жолы осы корпоративтерден бас тарту.

Брифингке өкілетті орган қызметкерлері де қатысып, жаңа жылға арналған сыйлықтардан да бас тартуға шақырды. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуға қатаң тыйым салынады. Сыйлық алған жағдайда, оны облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне 7 күн ішінде өткізу керек. Және, өткізген адам сол сыйлықты нарықтағы бағасымен сатып алуға құқылы.

ДЕРЕККӨЗ: tumba.kz.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
44 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»