8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Маусым 2021 1373 0
Қоғам

МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН 33 ОЛИМПИАДА МЕН КОНКУРС АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛЕДІ – БҒМ

Биылдан бастап педагогтарға арналған 33 олимпиада мен конкурс алғаш рет енгізілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің олимпиадалар тізбесін бекіту бойынша тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл өз кезегінде сапалық өзгерістерге қатысты. Осы жылға дейінгі олимпиадалардың тізбесінде 56 олимпиадалық іс-шара қарастырылған болса, бекітілген тізімде 175 іс-шараға дейін кеңейтілді.

«Сонымен қатар, тізбеге биылдан бастап педагогтарға арналған 33 олимпиада мен конкурс алғаш рет енгізілді. Олардың нәтижелері педагогтарды біліктілік беруге аттестаттау кезінде ескерілетін болады. Ашықтық, Академиялық адалдық, қатысушылар үшін тең жағдай жасау және әділ нәтижелер – жарыстарды өткізуді автоматтандыру есебінен қамтамасыз етіледі», – деді Ш. Каринова.

Оның айтуынша, егер осы іс-шараларды ұйымдастырушылардың Академиялық адалдық, заңдылық, ашықтық, объективтілік, тегін өткізу қағидаттарын бұзу фактілері анықталса, онда олимпиада немесе конкурс тізбеден алынып тасталатын болады. Дәл осындай қағидаттар мен критерийлер жаңа іс-шаралар тізбесіне енгізу үшін де ескерілетін болады. Осылайша, министрлік елімізде өткізілетін конкурстар мен олимпиадалардың сапасы мен тиімділігін арттыруға ниетті.

Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын олимпиадалар оқушылар үшін ақысыз негізде болады.

Қазіргі кезде қазіргі кезде қазақстандық білім беру нарығында жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдар да осы қызметтерді ақылы ұсынып келеді.

«Бірақ Білім және ғылым министрлігінің бұл ақылы жарыстарға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтемін. Сондықтан балалар мен мұғалімдер, мектептер әртүрлі олимпиадалар мен конкурстарға оқушылардың қатысуын таңдаған кезде мұқият болуына кеңес береміз», – деді Шолпан Каринова.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»