ҰЛТТЫҚ СУСЫНДАР ҚАНДАЙ АУРУЛАРҒА ЕМ?
Қазақтың ұлттық сусындарының (айран, қымыз, сүт,шұбат) адам денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор.

Бабаларымыз қадірлеген жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті бар екендігі ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы бір тәулікте орта есеппен 50мг С дәрумен қажет етсе, бір литр қымыз құрамында 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1)В (12) дәрумені, А тобы дәрумендері кездеседі. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококктарға қарсы жойғыш күші бар қымыз – туберкулез, сүзек, дизентерияға, дифтерия бактерияларына тосқауыл болады.
Түйе сүтінің емдік қасиеттері заманнан бері белгілі. Шұбатты балаларымыз өкпе, асқазан ауруларымен қатар түрлі созылмалы дерттерге, жалпы ағза әлсіренгенде, әрі уланғанда емдік қасиеті жоғары. Ескеретін жайт,шұбаттың құнарлығы аса жоғары болғандықтан оны ашығу кезінде ішуге болмайды. Сондай-ақ артық салмағы бар және ішек жолдары ауратын жандардың шұбаттан бас тартқаны абзал.Айранның, сүттің пайдасын бүгінгі ұрпақ та жақсы біледі, себебі айран, сүт ағзадағы зат алмасуға қатысып, иммундық жүйенің жұмысын жақсартады. Айтайын дегенім, ұлттық сусындар өз пайдалығымен күнделікті профилактика үшін де ішіп тұрған абзал.
Нұрлыгүл Қадырбекова, Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу