8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қыркүйек 2026 90 0
Без рубрики

Ұлттық қор: бүгінгі жинақ – келешек ұрпақтың мүмкіндігі

Елдің ұлттық байлығы тек қаржылық резерв көлемімен өлшенбейді. Оның келешек ұрпаққа қандай мүмкіндік беретіні де маңызды. Еуропалық EU Reporter басылымы Қазақстанның Ұлттық қорды басқару тәжірибесін талдай отырып, осы мәселеге ерекше назар аударды.

Соның нақты мысалы — 2024 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы. Бағдарлама аясында Қазақстанның әрбір жас азаматына Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі жыл сайын есептеледі.

18 жасқа толғаннан кейін жинақталған қаражатты білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға болады. Яғни ұлттық жинақ жастар үшін нақты мүмкіндікке айналып отыр.

EU Reporter келтірген деректерге сәйкес, 2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы 1 тамызға дейін 338 мыңнан астам жас қазақстандық жалпы сомасы шамамен 67,8 млн доллар болатын қаражатты пайдаланған. Ал кәмелетке толмаған балалардың қаражаты Ұлттық қор активтерінің құрамында қалып, олар 18 жасқа толғанға дейін инвестициялана береді.

Алайда болашақ ұрпаққа инвестиция салу тек балалардың жеке шоттарындағы жинақпен шектелмейді.

Алдағы жылдары Ұлттық қор қаражатының бір бөлігін инфрақұрылымдық жобаларға бағыттау жоспарланып отыр. Мектептер, ауруханалар, жолдар, коммуналдық және энергетикалық нысандар — бүгінгі балалар ертең пайдаланатын ұлттық активтер.

Осылайша екі бағыт қатар жүзеге асады. Бір жағынан, Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі тікелей балаларға беріледі. Екінші жағынан, ұлттық жинақ есебінен олардың болашақта білім алып, еңбек етіп, өмір сүретін ортасын жақсартуға мүмкіндік туады.

EU Reporter мақаласында айтылғандай, ұлттық байлықты басқарудың түпкі нәтижесін Ұлттық қордан қанша қаражат жұмсалғанымен ғана емес, сол қаражат есебінен қандай активтер құрылғанымен және олардың экономика мен азаматтарға қандай пайда әкелгенімен бағалау маңызды.

Демек, бүгінгі жинақ пен инвестициялық шешімдер — тек қазіргі экономиканың мәселесі емес. Бұл келешек ұрпаққа қандай ел, қандай инфрақұрылым және қандай мүмкіндіктер қалдыратынымыз туралы стратегиялық таңдау.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
223 0
Спорт
ЕРНҰР СҮЛЕЙМЕН – ЧЕМПИОН!
04 Қыркүйек 2026
282 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»