ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
Шұғылалы көктемнің жарқын мерекесінің бірі – жыл басы Наурызды Республикалық жоғары техникалық колледжінің директоры Сайра Умирбаева бастаған ұжым мен студенттері ерекше салтанатпен қарсы алды. Бұл күні колледж аудиториялары ұлттық нақышта безендіріліп, көрмелер жасақталған. Колледждің әр қабатында әр факультет студенттері ұлттық тағамдардан дастархан жайып, ұлттық өнерімізді насихаттап, қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртты.
«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов баршаны Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, береке-бірлік, татулық тілеп, жастарға ақ батасын берді. Колледждің алтыншы қабатында құрылған киіз үйге енген қонақтар ақтан ауыз тиіп, салт-дәстүрлерімізден сыр шертіп, жастардың санасына рухани нұр септі. Сондай-ақ жиналғандар «Наурыз хикаясы» сюжеті негізінде студенттердің қойылымын тамашалады. Өнерлі студенттердің бірі күмбірлете күй шертсе, енді бірі әр ұлттың биін билеп, көпұлтты бауырына басқан еліміздің татулығы мен жарасымды бірлігін үлгі етті.





Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу