ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: «БАҒАНЫ КӨТЕРМЕУ КЕРЕК»
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандық кәсіпкерлер мен өндірушілерге үндеу жасады. Министр Президенттің жалақыны өсіру туралы заңынан кейін бағаны көтермеуді сұрады деп жазады Tengrinews.kz.
«Бизнесмендерімізге, ірі және ұсақ сауда желілеріне үндеу жасағым келеді. Біз жалақы өсті деп бағаны көтермеуіміз керек. Жалпы экономикамыз өсті, бірақ әр адамның табысы өсті деп айта алмаймыз. Сондықтан қазір осындай шешім шығардық. Халықтың нақты табысы экономика өсіміне сәйкес болуы үшін осылай жасап жатырмыз», – деп түсіндірді Т.Сүлейменов.
Министр кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілік танытып, бағаны көтермейтініне сенетінін айтты.
«Біздің барлық кәсіпкерге өтініш, осы жақсы бір өзгерісті дұрыс қабылдаңыздар. Бағаны көтерудің қажеті жоқ», – деді ұлттық экономика министрі.
Тимур Сүлейменов уәкілетті органдардың баға өсімін қатаң қадағалайтынын ескертті. Мұның алдына министр жалақының өсуі министрлер мен депутаттарға қатысы жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу