ЛОМБАРД – ҚОЛДЫ БОЛҒАН ЗАТТАРДЫҢ ОРДАСЫ МА?
19 ақпан күні Орал қаласы полиция басқармасының басшылық құрамы Орал қаласы ішіндегі ломбард иелерін және ресми өкілдерін шақырып, «Мүлік ұрлығына тосқауыл болайық» тақырыбында жұмыс кездесуін өткізіп, кәсіпкерлерді бірлесе жұмыстануға шақырды.

Кездесуге бірнеше ломбард иелері, басқарманың криминалдық полиция бөлімі мен тергеу, анықтау, Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастықтары, Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі қатысты.
Кездесуде алғаш сөз алған басқарма бастығының бірінші орынбасары поиция майоры Нұрлан Бисенов соңғы кездері кең етек алған бөтеннің мүлкін ұрлау фактілерінің жолын кесу мақсатында бас қосылғанын айтып, «Ломбардтардың сауда қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» заңға енген өзгерістерді талдады. Заң аясында қос тарап қоян қолтық жұмыстануы тиіс.

Қазіргі таңда ломбардқа әкелген бұйымдардың бірін қалдырмай суретке түсіру қажет. Егер бұйымды тапсырған уақыттан кейін, оны ешкім іздеп келмесе ломбардтың өкілдері полицияға хабар беруі тиіс. Азаматтардың басым көпшілігі ломбардтарды қолды болған заттардың ордасы деп есептейтіні жасырын емес. Ертеректе, аталмыш мекемелер барлық тұрмыстық техниканы қабылдаған еді. Алайда, қазір техниканы ломбардқа тапсыру үшін, оның ұрланбағанын дәлелдеу үшін тиісті құжаттарды көрсету керек. Ал, алтын бұйымдарының қолды болмағанын дәлелдеу қиынға соғып отыр. Қаламыздың аумағында орналасқан ломбард иелерінің басын қосқан жиында сөз алған криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Ақылбек Елекешов, анықтау бөлімінің бастығы, полиция капитаны Жайдар Киргенев, тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция майоры Эльдар Даулетов, Жергілікті полиция қызмсеті бөлімінің бастығы, полиция майоры Дамир Ракишев, т.б. өзгеріске ұшыраған заңнамалар өзгенің мүлкін қолды болуына тосқауыл болу үшін енгізілгендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ломбард нысандарының бейнебақылау камераларымен толықтай жабдықталып, арнайы сейфтер болуын, төтенше жағдай орын алғанда пульт арқылы қажетті мекемелерді көмекке лезде шақыра алатындай дабыл қондырғыларының болуын талап етті.
Полиция қызметкерлері жұмыс кездесуінде заң талаптарының баршаға ортақтығын түсіндірді.
Орал қ.ПБ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу