ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАТЕГІЗДІККЕ ТОЛЫ БЕЙНЕЛЕРІ КӨБЕЙДІ
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде кәмелетке толмағандардың қатысуымен агрессия, қатыгездікке толы бейнеүзіктері таралуда. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы полиция департаменті бірге кеңес өткізді.

Оған өңірдегі Жастар саясаты басқармасы, ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі, Орал қаласында орналасқан мектеп, колледж директорлары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндгі инспекторлар қатысты.
Кеңесте әлеуметтік желілерде таратылған республикасы аймақтарындағы кәмелетке толмағандардың қатысумен болған қатыгездік, агрессия, зорлық-зомбылық жағдайлары талқыланды. Осындай өрескел фактілердің алдын алу мақсатында бақылауды күшейту, агрессия мен зорлық-зомбылыққа бейім балаларды дер кезінде анықтау, есепке алу, түзету жұмысын жүргізу қажеттігі айтылды. Кеңес қорытындысында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу