«КВАНТ» ЕКІНШІ ФАБРИКА САЛУДЫ БАСТАДЫ
Биылғы жылдың мамыр айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары өңірдің дамуына тың серпін берді. Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов облыстық мәслихат депутаттары алдында ағымдағы жылдың тоғыз айы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беріп, Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

Президентіміз облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бойынша нақты тапсырмалар жүктеген еді. Атап айтқанда, күн тәртібінен түспеген жол мәселесі, өңір экономикасында орны бар өндіріс ошақтарының проблемалары талқыланды.
– Президент тапсырмасы бойынша «Зенит» және «Гидроприбор» зауыттары бойынша 3 жылға тапсырыстармен жүктемелеу жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Энергетика министрлігі «Конденсат» акционерлік қоғамымен мұнайды тасымалдау кестесін бекітті. «ЗКМК» Акционерлік Қоғамы қазақстандық арнайы өнімдердің жаңа өндірістерін игеру бойынша еуропалық компаниялармен озық технологияларды өңірімізде іске асыру қарастырылды.«Омега» өндіріс ошағының аумағында «Орал трансформатор зауыты» екінші зауыт салуды жоспарлауда, – деді Алтай Сейдірұлы.
Сондай-ақ «Квант» компаниясының өнім түрлерін ұлғайтуды және өндірісті кеңейтуді қаржыландыру бойынша Даму банкісімен несие бөлу жөнінде келісімге қол жеткізген. Қазір компания екінші фабриканы салуды бастады.
Республикалық маңызға ие Орынборға дейінгі 144 шақырым жолын қайта жаңғырту бойынша «Қазавтожолдың» қатысуымен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды. Жол құрылысын 2019 жылы бастау жоспарлануда.
Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына апаратын 275 шақырым – республикалық маңызды автожол құрылысына, «Қазавтожол» күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Жол құрылысы келесі жылдан басталады. Сонымен қатар, Сайхыннан Хан ордасы елдімекеніне дейінгі жол салынатын болады. Президенттің тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жылдың ішінде жол салынады.
М.Хамзақызы, «Жайық үні»
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу