8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 33 0
Референдум2026

Кітапсүйер отбасы дауыс берді

Облыстық «Үздік оқырман отбасы» байқауының жеңімпазы Ибрашевтар отбасы референдумда қатысып, дауыс берді.


Отбасы Халықаралық отбасы күніне орай Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы-2025» облыстық байқауының бас жүлдегері. Дараланып, өнері мен өнегесін қатар өрген, кітапқа деген махаббатты ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, оқырмандық мәдениетті отбасы құндылығына айналдырған Жеңіс Ибрашев пен Бақыт Молдагерееваның отбасы — рухани тәрбиенің, берік бірліктің, кітапқа деген адалдықтың үлгісі болып көзге түсуде.

Бұл жанұя – көп балалы, жас ұрпақты білімге, ойлы көзқарасқа тәрбиелеуді басты құндылық санайды. Осындай рухани байлықты бойына сіңірген отбасы мүшелері референдум учаскесіне арнайы келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты.

– Әр азамат ел өміріндегі маңызды сәттерде белсенділік танытуы керек. Біз үшін кітап оқу мен білім іздеу қаншалықты маңызды болса, қоғам өміріне араласып, өз пікірімізді білдіру де соншалықты маңызды,– дейді отбасы мүшелері.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
32 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
33 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
34 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
36 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
94 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»