8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Наурыз 2019 1755 0
Қоғам

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін БҚО-на ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге өңірдегі барлық қызметтердің су тасқынына дайындық жұмыстарын қадағалады.

Жауын-шашынның шамадан артық түсуіне байланысты облыста су тасқыны қаупі бар. Төтеншеліктердің мәліметінше, 20 шақты елдімекенді су басуы мүмкін.
Қазіргі уақытта ТЖД қызметкерлері ағын сулардың кептеліссіз ағуы үшін өзен-көлдерде мұз кесу жұмыстарын жүргізуде. Осындай шаралар арқылы тасқын қаупін азайтуға күш салынуда.
Өңірдегі солтүстік аудандарда негізгі калыптан 3,5 есе артық қар түсті. БҚО ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, Орал қаласы мен қала маңындағы елдімекендер, Тасқала және Бәйтерек аудандарына қауіп жоғары. Қардың еруіне байланысты Деркөл мен Шаған өзендерінің ағыны арта түскен.

Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев биылғы қыс бойы коммуналдық кызметтер ауқымды жұмыс атқарғанын, көше қарын тазалау тәулік бойы жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

– Шаһарда су басу қаупі бар 35 аумақтан қар толық шығарылды. Қазір 32 бірлік техника су сору жұмыстарымен айналысуда. Қала маңындағы 165 саяжай қауымдастығының 65-і су басу мүмкін аумақта орналасқан. Бұл саяжайларда 14 мыңнан аса адам тұрады, – деді Мұрат Рахметұлы.

Жеңіс Қасымбек төтенше жағдай туындаған жағдайдағы арнаулы техникалардың жай-күйін көріп, Шаған өзеніндегі мұз бұрғылау жұмысын бағамдады.


Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасары «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламаларының облыста жүзеге асырылу барысымен танысты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»