8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қаңтар 2019 3123 0
Дені сау ұлт

КӨЗ, ТІС АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

          Бүгін Орал қаласында «Юнисерф» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұрғазы Сәтбаев жеке қаражаты есебінен «Uniserv medical center» көпбағытты медициналық орталығы пайдалануға берілді.  Жоба құны  1 888 144 млн. теңгені құрайтын зәулім үш қабатты ғимараттың құрылысын «Жиенбай» ЖШС жүргізген. Көз және тіс аурулары бойынша кеңестік диагностикалық қызмет көрсететін орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

– Денсаулық сақтау саласында жеке инвесторлардың қанат жаюына мүмкіндік беруіміз қажет. Осы орайда жеке қызмет көрсететін орталықтардың ашылып жатқанына қуаныштымыз. Орталық тұрғындардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді деген сенімдемін. «Uniserv» компаниясы бұған дейін жол құрылысын салуға елеулі үлес қосса, енді медицина саласына инвестиция салуда. Енді өңір тұрғындары емделу үшін шетел аспай-ақ білікті мамандардың көмегіне жүгіне алады, – деді өңір басшысы Алтай Сейдірұлы. Аталмыш орталық тіс ауруларын рентген құрылғысына түсіріп, емдеу, лазерлік технология арқылы көз ауруларын хирургиялық емдеу жолдарын ұсынады. Орталықтық офтальмологиялық клиникасында  10 бөлме, диагностикалық бөлім, ота жасау мен күндізгі стационар бөлімі қызмет көрсетеді. Сол секілді стомотологиялық клиникасында бес емдеу бөлмесі мен тіс технологиясы лабороториясы, рентген бөлмесі бар. Мұнда еліміздің және ресейден келген білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Орталықтың бас директоры Нұрлан Дәрменқұловтың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кей қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

Айта кету керек, облыс аумағында тегін медициналық қызмет көрсететін 39 мемлекеттік, 13 жеке медициналық ұйым бар. Өткен жылы 21 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілген. 90 бірлік медициналық құрылғы, 6 санитарлық автокөлік, 2 реанимобиль жаңартылған. Дәрігерлердің саны 1682-ні құраса, олардың 6122-сі орта білімді медицина мамандары.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
97 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
73 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»