Кәсіподақ ұйым мүшелерінің арасында шағын футбол өтті
Бүгін ҚазИИТУ ректораты мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100-жылдығына және 7-мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған КазИИТУ ғылыми-білім кешенінде кәсіподақ мүшелері арасында жаздық спорт алаңында тұңғыш рет шағын футбол жарысы өткізілді. Шараның мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау және білім кешенінің қызметкерлер командаларының арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің дене шынықтыру пәні оқытушылары Е.Омаров, С.Кайбалиев төрелік етіп, шаршы алаңға 6 футбол командалары шықты.
Жаздық спорт алаңының ашылу салтанатына «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, профессор, Орал қаласының құрметті азаматы Ақсерік Әйтімов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Даупаев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы Марина Темірғалиева, «Урал-Модуль-Строй» ЖШС-нің директоры Алексей Владимерович, ҚазИИТУ ғылым-білім кешенінің құрылыс менеджері Виктор Максименко, ҚазИИТУ кәсіп одақ төрағасы Талғат Рахметов қатысты. Шара барысында сөз алған ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов қатысушыларға сәттілік тілеп, мамыр айының мерекелерімен құттықтап, жаздық спорт алаңының құрылысна ат салысқан «Урал-Модуль-Строй» ЖШС-нің директоры Алексей Владимеровичке алғыс хат табыстады.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Техникалық пәндер кафедрасы, екінші орынды Халықаралық Цифрлық Технологиялар,Сәулет және Құқық колледжі, үшінші орынды Экология және өмір қауіпсіздігі кафедрасы иеленді. Спорт түрінен жүлделі орындарға ие болған командалар КазИИТУ-дің кәсіподақ ұйымының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен 5 мамыр күні марапатталады.
Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру


Пікір үстеу