8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2019 1442 0
Қалалықтар қаперіне

КӨРІСУ КҮНІН РЕСМИ ТҮРДЕ МЕРЕКЕ ДЕП БЕЛГІЛЕУ ҰСЫНЫЛДЫ

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов 14 наурызды «Көрісу күні» мерекесі деп белгілеуді ұсынды.

«Қазақ елінің батыс өңірінде сан ғасырлардан санамызға сіңісті болып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінде кеңінен аталып, болашақта да үзілмейтін атаулы күннің бірі – әр жылдың 14-ші наурыз күні тойланатын Көрісу мерекесі. Көктемнің алғашқы жылулығымен қатар келетін осы күн халықтың ақ тілегін айтып, жасы кішілер жасы үлкендерге арнайы барып, құшақтасып, көрісіп, әрбір отбасының амандығын, елдің тыныштығын, істерінің берекелі болуын тілейді. Әрбір шаңырақ таңнын атуымен дастарханын жайып, қонақ күтеді, қариялар мен әжелер батасын береді. Қытымыр қыстан аман-есен шыққан халық жердің бусанып, малдың төлдеп, жеміс-теректердің бүршік жарғанын көріп, алдағы күндерін жақсылыққа жорып, болашақтың қамын бірлесе ақылға салады. Көнекөз қариялар осы күні көтерем болып жатқан малдың бауырын жерден көтеретінін айтады. Заманында Көрісу еліміздің барлық аймағында болған, халқымызға кеңінен таралған. Бірақ, әртүрлі себептермен бұл дәстүр ұмытыла басталады», – деді Еңсегенов Сенат отырысында премьер-министрге жолдаған сауалында.
Сенатордың айтуынша, қазіргі мезгілде мереке Қазақстанның басқа да облыстарына таралып, арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып жүр. Бұған әсіресе батыс өңірлеріндегі ірі шетелдік бірлескен кәсіпорындар, шетел азаматтарымен бірге елдегі барлық этнос өкілдері белсене қатысуда.
«Бүгін Көрісу жекелеген аймақтың немесе тек қазақ халқының мейрамы емес. Оның аумағы мен ауқымы өсіп, елдің қоғамдық өміріндегі рөлі артып келеді. Шын мәнінде ол азаматтарымыздың дәстүрлі түрде аталып өтетін мерекесіне айналды. Алыс, жақын шет мемлекеттерде жүрген қандастарымыз да осы атаулы күнді мерекелеп, шетелдіктерге таныстыруда. Адамды бауырмалдыққа, кісілікке, кішілікке, жасампаздыққа, жақсылыққа тәрбиелейтін, тамыры тереңге кеткен, халқымызға берері мол, рухани қуаты ерекше, дәстүрлі түрде аталып жүрген Көрісу күнін ресми түрде айналымға енгізу жөнінде пікірілер айтылуда. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңға сәйкес, елімізде ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелер аталып өтеді. Осы заңның 4-ші бабына сәйкес, кәсіби және өзге де мерекелік күндер тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді. Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, халқымыздың салт-дәстүрін қолдау және оны дәріптеу мақсатында 14 наурызды Көрісу күні мерекесі деп белгілеу жөнінде ұсыныс енгіземін және тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беруіңізді өтінемін», – деді Еңсегенов.

 

https://baq.kz/news/othernews/senator-k-risu-k-nin-resmi-t-rde-mereke-dep-belgileudi-syndy/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»