«КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА»
БҚО әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кезінде көпбалалы отбасыларға жасалып жатқан қолдау мәселесіне тоқталды.

– Бірде-бір отбасы қараусыз қалмайды. Өңірімізде әлеуметтік жәрдемақылар алатындар саны 63,5 мың адамды құрайды. Есепті кезеңде олардың өмір сапасын жақсартуға, қолдауға 5,4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына сай, 3,5 мың адам әлеуметтік көмек алады. Облыста 24 мың мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның 2654-і балалар. Аталмыш санаттағы жандар толықтай әлеуметтік төлемдер алады. 8 мың мүмкіндігі шектеулі жанға көмекші және арнайы қозғалыс құрылғылары сатып алынды. Сондай-ақ 1032 нысан, яғни мектептер, вокзал, кеңселер мен ғимараттар аталмыш санаттағы жандарға бейімделді, – деді Алтай Сейдірұлы.
Өңірдегі 12,6 мыңнан аса көпбалалы отбасыларға мемлекет тиісті қолдау көрсетіп отыр. Аз қамтылған отбасынан шыққан 12 мың балаға 68 млн. теңге қарастырылған. Демалыспен және сауықтыру жазғы лагерьлерімен 3,5 мың бала қамтылған.
«Жайық үні» газеті
Рафхат ХАЛЕЛОВтың суреті
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу