8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Маусым 2025 843 0
Бәрекелді!

Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар мен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті қолданысқа берілді.

Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын медициналық нысанның ашылуымен құттықтады.

«Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы – баршамыз үшін қуанышты әрі маңызды оқиға. Бұл — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының нақты нәтижесі»,– деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Жалпы 2023-2025 жылдары облыста 50 жаңа медициналық нысан салу көзделген болса, соның 39-ы бүгінде іске қосылды.
Қалған нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталуына орай қолданысқа беріледі.

Көнеккеткен ауылында салынған жаңа медициналық нысанның аумағы 260 шаршы метрден асады. Күніне 40-қа жуық адамды қабылдауға қауқарлы бұл пункттің жобалық құны – 207 миллион теңгеден астам. Құрылыс жұмыстарын «Жиенбай» ЖШС жүргізіп, тапсырыс беруші ретінде облыстық құрылыс басқармасы жұмыс атқарды.

Көнеккеткен ауылының тұрғыны, ауылдық оғамдық кеңестің төрағасы Тұрған Сапарғалиев ауылда заманауи үлгіде салынған емхана үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

«Облыс көлемінде екі жылда 50 медициналық нысан салу – үлкен жұмыс. Президентіміздің халық игілігі үшін жасаған қолдауына алғысымыз шексіз. Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарына көп көңіл бөліп отыр. Ем алу үшін аудан орталығына немесе қалаға баратынбыз. Ендігі кезекте сапалы емді өз ауылымызда да алуға болады”,- деді Тұрған Сапарғалиев.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»