8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2023 2998 0
Қалалықтар қаперіне

Кәмелетке толмағандар ұсталды

Орал қаласы аумағында ағымдағы жылдың қаңтар айының 27-сі мен ақпан айының 6-ы күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

​ ​ ​ ​ Түнгі рейдтің бірінші күні шараға полиция қызметкерлерінен бөлек Прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен үкіметтік емес ұйымдарының еріктілері қатысқан болатын. Нәтижесінде қала аумағында орналасқан 19 компьютерлік, 5 түнгі клуб, 12 кафе-бар тексеріліп, түнгі мезгілде ойын сауық орталыққа заңды тұлғасысыз жасөспірімдерді кіргізгендігі үшін 3 жеке кәсіпкер ҚР ӘҚБК-нің 132 бабы бойынша жауапкершілікке тартылса, 4 ата-анаға балаларын сол орталыққа жібергендері үшін ҚР ӘҚБК-нің 442-бабы 1-бөлімі негізінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, сағат 23.00-ден кейін үй жайдан тыс жүрген 17 кәмелетке толмаған бала ұсталып, олардың ата-аналары да жауапкершілікке тартылды.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Сондай-ақ, кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде жүргенін, қаңғыбастық жайттарын анықтау, кәмелетке толмағандарға алкогольді сусындарды тұтынудың алдын алу. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 5 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Тәртіп сақшылары түнгі сағат 22-00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған 5 жасөспірімді анықтады. Аталған жайт бойынша олардың ата-анасына ҚР ӘҚБК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша – 5 хаттама, ал ойын-сауық мекемесінің иелеріне осы кодекстің 132-бабымен толтырылды. Түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 37 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына Әкімшілік кодекстің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы түзілді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары дәмхана, дүкен иелеріне кәмелет жасына толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатуға болмайтынын ескертіп, профилактикалық жұмыстар жүргізуді жалғастыруда.

Құрметті ата-ана! Түнгі мезгілде үйден тыс жүрген балаңыз құқық бұзушылық жасауға немесе оларға қатысты заңсыз әрекеттерге әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан балалардың қауіпсіздігі мен оларды тәрбиелеу үшін жауапкершілік туралы ұмытпайық!

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»