8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2019 2851 0
Қоғам

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев шаһардағы су тасқыны ықтималдылығы бар аудандарда болып, тасқынның алдын алу жұмыстарын пысықтады.

 

Қазіргі уақытта қаладағы коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс режимінде су тасқынының алдын алу шараларына кірісті. Өткен жылдың 20 қарашасынан бастап «Жайық таза қала» ЖШС екі ауысыммен тәулік бойы қар шығаруда. Бүгінге дейін 600 мың текше метрден астам ұлпа арнайы полигондарға төгілген.

– Қардың көп түсуіне байланысты су тасқынының алдын алу жұмыстары жылдағыдан ертерек басталды.  Қазіргі таңда қаламызда 150-ге жуық техника қар шығаруға жұмылдырылды. Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасы  бойынша қосымша 50 техника тартылды. Яғни қалада 120-дай жүк көлігі мен 40-тан аса тиегіштер бар. Негізгі судың ағыны «Сарытаудағы» Желтауынан келеді. Сондықтан еритін қарға із салу үшін арық қазылуда. Бұл жұмыстар 10 шақты күн ішінде аяқталады. Оған қоса 92 шақырымдық арық жүйесі бар. Қазір оның 45 пайызы тазартылды. Екі апта ішінде мұны да аяқтап, судың тоқтаусыз,  өтуіне жағдай жасауымыз керек, – деді қала әкімі М.Мұқаев.

Сонымен қатар Мұрат Рахметұлы қаладағы ПИК-тердің қар шығару жұмыстарын қадағалады. Мәселен, Зашағанда 3 ПИК, 1 басқару компаниясы бар. «Геолог» ПИК-і 26 үйге қызмет көрсетеді. ПИК төрағасы Иван Иманқұловтың айтуынша, басым бөлігінде үй шатырларының қарлары тазаланып, мұздақтары түсірілген. Аулаларда да қар тазалануда.

–  Биыл жауын-шашын біраз әуреге салғаны рас. ПИК-та 16 қызметкер бар. Қар тазалау жүйелі жүргізілуде. Жәңгір хан көшесіндегі 11-үй, 25-ші Чапаев дивизиясы 3-үй, 2-линейная көшесі 1, 3, 50-ші үйлер төбесін толық тазаладық. Ертең 2-линейная 23-үй төбесін тазалауға кірісеміз, – деді Иван Абдрахманович.

Қала ішінде су басу қаупі бар 20-дан аса аймақ анықталған. Шаһар басшысының мәліметінше, «Ескі қала», «Сарытау», «Көкжиек», «Сарыарқа», «Жұлдыз»,  «Ет комбинат», «2-ші жұмысшылар» және басқа да аумақтар бойынша коммуналдықтар қар шығару жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ мекеме-ұйымдар, жеке тұрғын үй секторлары мен ПИК-тер өздеріне  тиесілі аумақтар бойынша қар тазалау жұмыстарын күшейтуі қажет.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»