8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2025 7325 0
Көңіл айтамыз

Көңіл айтамыз!..

Жазушы, драматург Дулат Исабеков 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын» деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов.

Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы әр жылдары Қазақ ССР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақстан Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.

Дулат Исабеков – қазақ оқырманына кеңінен таныс шығармалардың авторы. Жазушының «Гауһар тас», «Дермене», «Перi мен Перiште», «Тiршiлiк», «Өкпек жолаушы», «Бiз соғысты көрген жоқпыз», «Қарғын» және басқа да кітаптары шыққан. «Шойынқұлақ», «Ақырамаштан наурызға дейiн», «Ескерткiш», «Социализм зәулiмi», «Конфронтация», «Талахан-186», «Бонапарттың үйленуi», «Ай-Петри ақиқаты», «Кемпiрлер», «Шалдар», «Тыныштық күзетшiсi» секілді шығармалары әр жылдары жарық көрген.

Дулат Исабековтің шығармалары бойынша «Гауһар тас» (1975), «Дермене» (1994), «Тауқымет» («Тiршiлiк» повесi бойынша, 1998), «Лоторея» («Ержеткенше» повесі бойынша, 2013), «Балуан Шолақ» («Жаужүрек» пьесасы бойынша, 2019) атты көркем фильмдер мен «Әпке» атты пьесасының негізінде телесериал түсірілген. Ол – түрлі сахналарда қойылып жүрген ондаған пьеса авторы.

Дулат Исабеков шығармалары ағылшын, француз, неміс, орыс және басқа да тілдерге аударылып, пьесалары түрлі елдерде қойылған. 2014

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дулат Исабековтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Ұлттық әдебиетіміздің ұжданы, мақтанышы, айбары болған Дулат Исабеков қазақ прозасы мен драматургиясының көкжиегін кеңейткен, әдебиет әлемінде өзіндік өрнек салған біртуар қаламгер еді. Оның шығармалары талай буынның санасына ой салып, жүрегіне жол тауып, ұлт руханиятының қазынасына айналды.  Қаламгердің өлмес туындылары уақытпен бірге жасай береріне сенеміз. Жазушының өлшеусіз еңбегі халықтың жүрегінде, жарқын бейнесі мен мол мұрасы ұрпақ жадында мәңгі сақталары сөзсіз» деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
101 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
48 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
118 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
111 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
112 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
108 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»