«ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТКЕ ИЕ АДАМДАР ҚАЖЕТ»
«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені және Қазақстан иновациялық телекомуникация жүйелер универститетінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясы Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, академигі, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңес хатшысы, Қазақстанның 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы Ақсерік Сарыұлы Әйтімов Орал қаласы №19 орта мектеп оқушыларымен кездесті.

Кездесуді оқушылар басқарып, өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойды.
«Қазақстанның 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы қалай атандыңыз?», «Білімді болу үшін не істеуге болады?», «Оқушы кезіңізде белсенді болдыңыз ба?», «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенін қалай құрдыңыз?», «Қандай арманыңыз бар?», «Қазіргі кезде қандай кітаптар оқисыз?» – деген балалардың балғын сұрақтарына А.Әйтімов өмірлік тәжірибесінен мысал келтіріп, айтып берді.

Жиын соңында сөз алған №19 орта мектеп директоры, Қазақстан иновациялық телекомуникация жүйелер универститеті техника ғылымының магистрі Алтын Жұмағалиева:
– Мемлекеттің табысты дамуында адам капиталының маңызы зор. Еліміздің табысты дамуы үшін жоғары білімді, еліне деген сүйіспеншілігі зор, жаңаша ойлай білетін, жаңа заманға лайық ұйымдастырушылық қабілетке ие адамдар қажет, – деп, орта мектептің қоғамдағы орны ерекше екеніне тоқталып, балалардың тұлғалық қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралардың бірі екеніне және уақыт тауып оқушылармен кездесуге келген Қазақстанның тұңғыш «100 жаңа есім жобасының» жеңімпазы Ақсерік Сарыұлына алғысын білдірді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу