8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қыркүйек 2018 3432 0
Қоғам

Электр желілері жаңаруда

          Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі  Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы активтерді жаңғырту мен қолдау бойынша инвестициялық бағдарлама жасақтаған болатын. Ағымдағы жылы бағдарлама шеңберінде «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ына  89930,9 мың теңге қаражат бөлінген.  Департамент өкілдері қаржының мақсатты игерілуін қадағалау бойынша электр желілерін таратушы мекеменің нысандарына тексеру жүргізіп, «Электр желілерін қайта құрылымдау және жаңғырту» тақырыбында баспасөз турын өткізді.

БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Ислямовтың айтуынша,  «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қалалық филиалы аталмыш қаржыны игеру бағытында жоспарлы жұмыстар атқарған.

Қазіргі таңда Орал қаласындағы №113 ТП-нің 0,4 кВ-ӘЖ-н қайта құрылымдау (Суров, Сенная, Мұхит, Фрунзе, Киров көшелері) жұмыстары аяқталуға таяу. Бұл мақсатқа 13419,14 мың теңге қарастырылған. Қолданыстағы желілер моральдық және физикалық жағынан әбден тозығы жеткен. 45 дана т/б тіректер  және 2,55 шақырым СИП4*50 сымын ауыстыру жұмыстарының  бүгінде бірқатары аяқталып, бөлінген қаржының әзірге 35 пайызы игерілген. – Қаланың бұл бөлігі электр желілерін таратуда проблема тудыратын. Сондықтан желілерді қайта жаңарту бойынша шешім қабылданды. Аталмыш аудандар орталық базар маңы болғандықтан, қозғалыс көп, сол себепті жұмыстар кешкі сағат бестен кейін жасалады, – дейді департаменттің әуе желілері қызметі басшысының міндетін атқарушы Михайл Гуськов.

Біз келесі аялдаған «Омега» зауыты ауданындағы «Омега» 110/35/10 кВ ҚС-ын қайта құрылымдау жұмыстары 100 пайызға толықтай тәмамдалған.  Департаменттің бас инженері Валерий Диминтевскийдің айтуынша, 35 кВ майлы ажыратқыш вакуумды ажыратқышқа ауыстыру жұмыстарына 13 618 мың теңге жұмсалған.  12 қосалқы стансаның 8-і ауыстырылған.

Ал Деркөл ауылындағы «Деркөл яч.13» ҚС 10 кВ-ӘЖ-н қайта құрылымдау жұмыстарына 18 651 мың теңге бағытталған. Қазіргі таңда ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын 93 дана ескірген тіректерді ауыстыру жұмыстары жасалуда екен.  Аталға жұмыстарға жауапты «Азия-Луч» мердігерлік компаниясының жұмысшылары дамылсыз еңбек етуде. Қазір жұмыстардың 35 пайызы ғана аяқталған. Бұл желілер 4000-ге тарта тұрғынға жарық таратады.

Сондай-ақ «Ет комбинаты» ауданында 2,034 шақырымды құрайтын сымды 31442 мың теңгеге ауыстыру жоспарланған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
58 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
107 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»