Іздеуде жүрген төрт қылмыскерді ұстады

Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 20-30 қараша күндері аралығында жергілікті атқарушы органдармен, «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалдарымен, ұйым өкілдерімен бірлескен «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның үш күнінде 39 қылмыс ашылды және «өткен жылдардағы» 14 қылмыс ашылды. Алып жүруге тыйым салынған заттарымен төрт адам ұсталды. Оның ішінде бір тұрғыннан «суық қару» ретінде саналатын «кастет», бес дана қару тәркіленді.
Криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген төрт қылмыскерді ұстады.
Тәртіп сақшылары үш күн ішінде 1275 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда іс-шара барысында:
- ұсақ бұзақылық бойынша – 95 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы),
- қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 110 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы),
- ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 230 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы),
- жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін – 134 (ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша),
- көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) — 14 тұлғаға хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 83 азамат жеткізілді. ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері 1961 жылы туған Орал қаласының тұрғынынан бір автомат және екі тапанша табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес жауынгерлік атыс қаруы, яғни оқ атуға жарамды «АК-103» Калашников автоматы және 11,43 мм калибрлі «МП-80-13Т» травматикалық тапаншасы (қосымшасы сынғандықтан атуға жарамсыз), «ИЖ СПЛ-01» маркалы старттық тапанша екені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Казахстанцы своими голосами продемонстрировали настоящий патриотизм, поддержав все инициативы Главы государства – Олжас Бектенов о новой Конституции
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конституции
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады

Кіру