ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ
24-30 сәуір аралығында Қазақстанда иммундау апталығы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Вакцинамен бірге қорғанайық» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Қазіргі халықтың көшіп-қону процестері артқан жағдайда эндемиялық елдерден кез келген елге, соның ішінде Қазақстанға да полиомелит, қызылша, пандемиялық тұмау және басқа да инфекциялық аурулар қоздырғыштарын әкелу қаупі бар. Осыған байланысты иммундау апталығының мақсаты – иммундауға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, егулермен толық қамту деңгейін арттыру.
«Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған баспасөз-конференциясы халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету үшін болып отыр. Біздің елдегі егулер күнтізбесі ДДҰ-ның ұсынымына сәйкес келеді және Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония сияқты дамыған елдердің кестелеріне ұқсас», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Жыл сайын Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн. адам, оның ішінде 1,3 млн. бала егіледі. Елімізде мақсатты инфекцияларға қарсы вакцинациялаумен қамту 95-96%.
«Балаларды вакцинациялау жауапкершілігі – ата-аналарда. Баласы ауырып, жаны қиналып жатқанда ата-ана вакцинациядан бас тарту туралы айтуға аузы бармай қалады, сондықтан бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. «Онкологиялық дерттерге қарсы вакцина ойлап тапқан адамға алтын ескерткіш орнатуға болады» деген сөз бар. Бұл вакцинаның қаншалықты маңызды екенін аңғартады», – дейді Жандарбек Бекшин.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу