8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2021 1565 0
Қоғам

ХАЛЫҚ САНАҒЫ КЕЗІНДЕ БҚО БОЙЫНША 1000-НАН АСА АДАМ УАҚЫТША ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛАДЫ

Биылғы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Б.Әлімбаеваның мәліметінше, 2021 жылғы халық санағын өткізу кезінде облыс бойынша нұсқаушы-бақылаушылар, интервьюерлер үшін 1000-нан аса адамды уақытша жұмысқа тарту және  орналастыру  жоспарлануда.

 

Уақытша жұмысқа жасы 18-ден жоғары, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысатын, компьютермен жұмыс жасай алатын ел азаматтары тартылады. Жұмыс өтілі маңызды емес, кәсіби біліміне талаптар қойылмайды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша санаққа дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін және уәкілдердің, нұсқаушы-бақылаушылардың және интервьюерлердің жұмыстарын бақылайтын, 3 адамнан тұратын  халық санағына  дайындық және өткізу бөлімі жасақталған. Сонымен қатар  әрбір ауданда және қалада ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша нұсқаушы (уәкілетті) ретінде 7 айға 42 адам,  халық санағының 1 кезеңін өткізуге нұсқаушы-бақылаушы ретінде 1,5 айға – 26 адам және нтервьюер ретінде 1 айға 172 адам қабылданып, келісімшарттар жасалды.

Интервьюерлер халықпен сауалнама жүргізу кезінде өзімен бірге аумақтық статистика органының қолы қойылған және мөрі басылған, фотосуреті бар, аты-жөні жазылған, берілген күні мен қолданылу мерзімі көрсетілген интервьюер куәлігін алып жүреді. Сондай-ақ оған халық санағының символикасы бар көк түсті шарф, халық санағының символикасы бар көк түсті портфель, электронды санақ парағы енгізілген планшет беріледі. Тұрғын үйлерге барған кезде интервьюерлерде халық санағының логотипі бар куәлік, сөмке, шарфтың болуы міндетті.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»