8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2025 2588 0
Өзек

«Газет-сапалы, сауатты ақпараттың көзі»

Кеше Ақ Жайық өңіріне іс сапармен келген ҚР Президентінің кеңесшісі, қаламгер Марат Отарбаев Оралдағы білім, өнер, мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті. Әрбір басқосуында газет пен кітап оқу мәселесіне айрықша екпін түсірді.
– «Адамның жанын, кеудесін тат басады. Ол татты кетіретін кітап»,- дейді жазушы Шерхан Мұртаза. Шын мәнісінде қоғамдық мәдениетті дамытудың маңызды жолы – кітап екендігі анық. Мемлекет басшысының өзі жұмыс күнін газет пен кітап оқудан бастап, оқуға аса мән береді. Өйткені, газет пен кітап оқу – ішкі мәдениетті өсіреді. Екіншіден, газет дегеніміз – сапалы, сауатты ақпараттың көзі. Яғни, ол дұрыс және адал дайындалған ақпарат. Әлеуметтік желіден сауатты, дұрыс ақпарат таба алмаймыз. Өйткені, газетті ұжым әзірлейді. Сондықтан да жастарға айтарым, көбірек оқиық, газет – журналға көбірек жазылыңыздар, онда қажетті ақпарат бар! Бұл біздің ішкі мәдениетімізді дамытады, қоғамдық мәдениеттің деңгейін көтереді. Президенттен үлгі алайық! Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев газет оқуға өзі алсалысып келеді. Тағы бір мәселе – қуатты аймақтар мен қуатты ел бағытындағы концепциялық мәселе. Өзім барлық облыстарға барған іссапарымда тұрғындармен кездесіп, мұң – мұқтаждарын тыңдаймын. Сіздің облыстағы «Қаладан ауылға» бағдарламасының алар орны ерекше. Мұндай бағдарлама басқа өңірлерде жүзеге аспады. Сондықтан да жастар, замандастар, мемлекеттік деңгейде елімізге адал болсақ, алар асуымыз көп болады. Бізді ешқандай жау алмайды. Сіздерге толағай табыс, амандық тілеймін! – деді ҚР Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы.

«Жайық ҮНІ»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
44 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
98 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
74 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»