8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қазан 2018 2884 0
Қоғам

ГҮЛНҰР ОРАЗЫМБЕТОВА: «АТА-АНАЛАРЫМЫЗДЫ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ БАРУҒА МӘЖБҮР ЕТПЕЙІК»

«Мейірім мекені» IV қайырымдылық гранд балы аясында өңірімізге келген қазақ эстрадасының жұлдыздары түрлі қайырымдылық шараларына қатысты. Жас актер Асылхан Төлепов есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатында болса, қазақ эстрадасына жаңадан қосылған әнші Әміре көру қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатында, әнші Гүлнұр Оразымбетова қарттар мен мүгедектер үйінде болып, қамкөңіл жандарға әсем әнін тарту етті.

– Оралға келген кезде әрдайым қарттар үйіне немесе балалар үйіне  келуге тырысамын. Қайырымдылық шарасы аясында тағы бір мәрте қариялар үйіне келудің сәті түсті. Қарттар күні мерекесінде үлкендердің ортасынан табылып, жүздерінен қуаныш сезімін көрудің өзі бір бақыт. Жарты көңіл жандардың еңселерін көтеруге үлесіміз тиіп жатса, соған қуаныштымыз. Олардың ықыласына бөленіп, ақ баталарын алғанға не жетсін?! Барлығымыз қолымыздан келгенше үлкендерге көмек жасауымыз керек. Мейірімге мұқтаж қарияларға он минуттық уақытымызды қиып, маңдайларынан иіскеп, жылы сөзімізді арнасақ сауабы тиері анық. Елімізде қарттар үйінің болғаны көңілімізге кірбің ұялатады. Бірақ, бар болғаннан кейін жиі келіп, үлкендеріміздің жағдайларын сұрап, көңіл бөліп тұрған дұрыс. Ал жастар қауымын өмірге алып келген ата-аналарын сыйлап, құрметтеуге шақырамын. Мұндай орындарға ол кісілердің келуіне жол бермесін. Ата-аналарымыз мұндай орындарда болмауы керек, – дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Қазіргі уақытта қариялар мен мүгедектерге арналған арнаулы медициналық-әлеуметтік мекемеде 600-дей қария мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Директордың әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Анатолий Гудниктің айтуынша, қайырымдылық айлығы аясында мекемеде түрлі шаралар жоспарланған. Бүгін басталған жоспарлы шаралар аясында Зеленов ауданының өкілдері қарияларына құрмет көрсетіп, концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»