ФУЛФИЛМЕНТ ОРТАЛЫҚТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Индустрияландыру күнінде Елбасына «Қазпоштаның» фулфилмент-орталықтары таныстырылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір режимінде Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы фулфилмент-орталықтарды іске қосты. Олар Қазақстан аумағында электрондық коммерцияны дамытуға бағытталған жобалар қатарында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде құрылған болатын.
Интернет-дүкендерге тапсырысты рәсімдеу, сәлемдемелерді сақтау, өңдеу және сатып алушыларға жеткізу бойынша қызметтер кешенін көрсететін орталықтардың жобалық қуаттылығы жылына 8 млн. сәлемдеме. Күтілетін экономикалық нәтижесі – жылына 3,6 млрд. теңге. Бүгінде Алматы мен Астанадағы фулфилмент-орталықтарында 50-ден астам интернет-дүкенге қызмет көрсетіледі. Олар логистикаға, қойма жалдауға, персонал жалдауға жұмсалатын өз шығындарын және басқа да шығындарды азайтты, сондай-ақ фулфилмент-орталықтарына тауарларды орналастыру арқылы жеткізу мерзімдерін қысқартты.
«Қазпошта» АҚ Баспасөз қызметкері Сәуле Мұқашеваның мәліметінше, 2017 жылы Қазпошта пошта жөнелтілімдерін сұрыптауға арналған автоматтандырылған желіні іске қосты, оның қуаттылығы тәулігіне 120 мың сәлемдемеге дейін жетеді. 2018 жылы электрондық коммерция орталықтарында шамамен 2 000 шағын және орта бизнес өкілі оқыды. Электрондық коммерция нарығында 42 мың жұмыс орны құрылды. Осылайша, елімізде электрондық сауданы дамытуға арналған инфрақұрылым толықтай қалыптасты.
Сондай-ақ Елбасына ауылдық елдімекен тұрғындары үшін әзірленген «әмбебап агент» таныстырылды. Бұл кабинадан Қазпошта клиенттері пошта байланысы, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласында және ХҚКО-да онлайн режимде қызметтер ала алады.

Көрмеде көрсетілген дрондар шалғайдағы елді мекендерге мерзімді баспа басылымдарын жеткізуге арналған. Робот-пошташы – салмағы 20 келіге дейінгі жүктерді жеткізетін мобильді робот, ол «соңғы миля» мәселесін шешеді.
Pepper робот-консультант Робополис аумағындағы Робопост офисінде консультант ретінде пайдаланылады. Биометрия жүйесінің арқасында Pepper келушілерді сәйкестендіре алады және оларға Қазпошта қызметтері мен сервистері бойынша кеңес береді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу