«ENGLISH FOR JASTAR»: 500 ОҚУШЫҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІ ҮЙРЕТІЛЕДІ
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты БҚО филиалы 500-ден астам оқушыны ағылшын тіліне оқытуды мақсат етіп отыр. Бүгінгі таңда Қаратөбе, Бәйтерек, Теректі, Шыңғырлау аудандарында «English for Jastar» жобасының шеңберінде 8-11-сынып оқушыларына арналған тегін факультативтік курстар қаңтар айынан бастау алды.

Жоба Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы шеңберінде іске асып жатқан «үштілділікті енгізу» жөніндегі ауқымды бағдарламаны қолдау бағытында дайындалды. Өткен жылы облыстың 6 ауданында жүзеге асып, 600-ге жуық оқушы Elementary, Pre-Intermediate деңгейлерін меңгеріп, оксфордтық құрал жиынтығымен білімдерін жетілдірген болатын.

Басты мақсат – оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға және қарым-қатынас машығын жақсартуға көмектесу. «English for Jastar» жобасы 2 ай бойы жүргізіледі. М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж сонымен қатар Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Шетел тілі» мамандығының болашақ ұстаздары ерікті түрде ауыл балаларын ағылшын тіліне үйретуде.
Сонымен қатар алдағы уақытта тегін курстан өтіп жатырған балалар арасында дискуссиялық еркін алаңдар мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері тілдік қабілеттерді дамытуға бағытталған дәрістер өткізеді деп жоспарлануда.
Ерлік Шамғалиев, «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы төрағасының орынбасары
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу