8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2019 1620 0
Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ АРЗАНДАДЫ

Қазақстанда электр энергиясының тарифы 2019 жылдың наурыз айында тура бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 8 пайызға арзандады.
Белгілі болғандай, электр энергиясының тарифы Қазақстанда наурыз айында электр плитасын қолданбайтын және өзге де құрылғыларды пайданалатын қазақстандықтар үшін біршама арзандаған. Нақтырақ айтқанда, электроплитаны қолданбайтын республика тұрғындары үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 133 теңгені (2018 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 8,4 пайызға арзандаған), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 458 теңгені (-6,7%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 799 теңгені (-5,5%) құраған. Электроплиталарды қолданатындар үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1110 теңге (-8,7%), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1458 теңге (-6,9%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1800 теңге (-5,4%) болған. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында электр энергиясының өндірісі 28,1 млрд кВт/сағатты құраған (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға аз). Электр энергияны жеткізу және тарату шығындары 286,2 млрд теңгені (өткен жылдың шығынан қарағанда 13,9 пайызға аз) көрсеткен. Қазақстанның электр энергиясы жүйесінің бірыңғай операторы – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company, қысқаша KEGOC). Қазақстанда электр энергиясын әртүрлі иеліктегі 138 электр станциялары өндіреді.
https://www.inform.kz/kz/elimizde-elektr-energiyasy-arzandady_a3519378
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»