8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2023 2260 0
Қалалықтар қаперіне

Елімізде бензин мен дизель отынының жаңа бағасы бекітілді 

2023 жылдың 12 сәуірінде ҚР Энергетика министрінің «Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығы күшіне енді.

 

Құжатқа сәйкес шекті бағалар:

– АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин литріне 205 теңгеге дейін;

– дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін құрайды.

 

Отынның кейбір түрлеріне жаңа бөлшек сауда бағаларын белгілеу мәжбүрлі шара болып табылады және оның көрші елдермен құнының диспаритетін төмендету қажеттілігімен байланысты. Бұл елден мұнай өнімдерінің шығуын азайтуға және ішкі нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Айта кету керек, Қазақстанда ЖЖМ бағасы 2021 жылдың күзінен бері өзгерген жоқ.

 

Өңірлерге көктемгі егіс жұмыстарына 419 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға артық. Көктемгі дала жұмыстарына бекітілген көлем басым тәртіппен тиеп-жөнелтілетін болады. Ақпан айында 81,1 мың тоннаның 77,1-і немесе 95%-ы, Наурызда –102,2 мың тоннаның 94,2-сі немесе 92,2%-ы тиеп-жөнелтілді.

 

Бұл ретте дизель отынының бұрын белгіленген сараланған бағасы өзгеріссіз қалады. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде литріне 295 теңге бағасымен тәулігіне 100 литр сатып ала алады. Жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында көлік құралын тіркеу туралы куәлік ұсынылған кезде тәулігіне бекітілген лимит ұқсас баға бойынша 300 литрді құрайды. Қалған санаттағы адамдар үшін, сондай-ақ жоғарыда аталған лимиттерді дизель отынын сатып алатындар үшін баға литріне 450 теңгені құрайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»