8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2025 6862 0
Құттықтаймыз!

“Ел қорғаны” медалін табыстады

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Біріккен Араб Әмірліктеріндегі арнайы мақсаттағы бөлімшелер жарыстарына алғаш рет қатысқан Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілерін құттықтады.


Ол мұндай жарыс әскерилердің жауынгерлік қабілетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

– Арнайы операциялар күштерінің «Жаубасар» командасы алғаш рет элиталық бөлімшелердің жарыстарына қатысты. Жарыс бағдарламасы арнайы полиция күштеріне арналған. Дегенмен, жақсы нәтиже көрсеттіңдер. Алда Иорданиядағы әскери арнайы мақсаттағы бөлімшелердің және Ұлыбританиядағы «Кембрий патрулі» жарыстары өтеді. Олардың нәтижелерінен сендердің кәсіби даярлықтарыңды көре аламыз, – деді генерал-полковник Р. Жақсылықов.

Халықаралық жарыстардың қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мерзімінен бұрын әскери атағын  алды. Сонымен қатар, бірқатар офицерлерге Қорғаныс министрі «Ел қорғаны» медалін, Арнайы операциялар күштерінің белгісін және алғыс хаттарды табыс етті.

Естеріңізге сала кетсек, Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2025 жарысы әлемнің 80-нен астам елінен 106 команданың басын қосты. Сайысқа еліміздің күш құрылымдарының 12 командасы қатысты.

Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрлігі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
127 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
135 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
262 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
529 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
582 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
651 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
945 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»