22 Сәуір 2019 1699 0
ҚоғамЕкпенің арқасында 10 жылда дифтерияға шалдығу оқиғасы тіркелмеген

Екпенің арқасында соңғы 10 жылда дифтерияға шалдығудың бірде-бір жағдайы тіркелмей, соңғы 20 жылда сары ауруға шалдығу жағдайы 40 есеге төмендеген. Бұл туралы ОҚК-дағы баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Вакцинациялауға келсек біздің ата-аналар тек ғылыми тұрғыда дәлелденген ақпараттарға құлақ асса дейміз. Интернеттен алынған ақпараттарға ешқашан сүйенуге болмайды! Ғаламтордағы мәліметтердің көбі расталмаған. Түсініксіз профессорларды интернетте кездестіруіңіз мүмкін. Сондықтан, уәкілетті органдардың ақпаратымен ата-аналар шешім шығаруы керек», – дейді Жандарбек Бекшин. Оның айтуына қарағанда, ең бірінші мақсат – халқымызды вакцинацияға шақыру болып отыр. «Ата-аналардың көзқарасын вакцинацияға бұру керек. Тиімділігін бұған дейін айттым: бұрын ауылда мүгедек жандар көбірек болды. Ол полимелит ауруына сәйкес кездесетін. Қазіргі уақытта ауылдарымызда ондай жағдайлар жоқ. Ол – ең біріншіден вакцинацияның арқасы. Мысалы, барлық тұрғындарға белгілі – «А» гепатиті, яғни сары ауруы бойынша елімізде 1998 жылы 34 мың жағдай тіркелген. Қазір бұл аурудың тіркелуі – 40 есеге азайды. Біз тек 2 жастағы балаларға екпе жасаймыз – соның арқасы. Өткен жылы сары аурудың 880 жағдайы ғана тіркелді. Көрдіңіз бе? Дифтерия ауруы соңғы он жылда тіркелген емес. Ал бұрын дифтерияның өршуі қандай болды!? Міне, сондықтан вакцинаның маңыздылығын ұғыну керек», – дейді Бекшин. Айта кетсек, Қазақстанда иммундау апталығы 2019 жылғы 24-30 сәуір аралығында өтеді. Иммундау апталығының мақсаты – халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, егу шараларымен толық қамту болып отыр.
https://www.inform.kz/kz/ekpenin-arkasynda-10-zhylda-difteriyaga-shaldygu-okigasy-tirkelmegen_a3519386
Версия для печатиhttps://www.inform.kz/kz/ekpenin-arkasynda-10-zhylda-difteriyaga-shaldygu-okigasy-tirkelmegen_a3519386
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
90 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
92 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
86 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
89 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
88 0

Кіру
Пікір үстеу