22 Ақпан 2019 1997 0
ҚоғамБраконьерлердің көліктері тәркіленуі мүмкін
Қазақстанда браконьерлердің көліктері мен қару-жарақтарын тәркілеуге мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленуде.

Бұл жайында Сенат депутаттарының ресми сауалына жауап берген бұрынғы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев атап өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Браконьерлік мақсатта пайдаланылған қару-жарақты, оның ішінде автокөлік құралдарын міндетті түрде тәркілеуді енгізу мәселесін, оны одан ары «Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының аясында жүзеге асыруды өкілетті мемлекеттік органдар қарастырып жатыр», – деп атап өтеді Б.Сағынтаев. Оның айтуынша, аталған заң жобасы Үкіметтің 2019 жылға арналған заң шығармашылық жұмыстарының жоспарына сәйкес бекітілген тәртіппен осы жылдың қыркүйек айында Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін болады. Естеріңізге сала кетсек, 31 қаңтарда өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұхтар Жұмағазиев браконьерлер көліктерін тәркілеп, оларды табиғат қорғау инспекторларына беруді ұсынған болатын. «Браконьерлік қылмыс далалық жолда жүруге қолайлы әрі жүрдек көліктердің көмегімен жүзеге асырылады. Заң талаптары бойынша ол көліктер қылмыс құралы болып есептелетіндіктен мемлекет пайдасына тәркіленуі қажет. Алайда, қоршаған ортаға, табиғат игілігіне есепсіз шығын келтірген браконьердің басым көпшілігі жеңіл жаза алумен шектеліп, көлік құралдары кейін қайтарылып беріледі. Егер оларды көліктерге иелік құқығынан айырып, қылмысқа қатысты көліктер мен басқа да құралдар ешқандай ымырасыз тәркіленсе, браконьерлерлік қылмысқа бірден-бір тосқауыл қойылар еді», – деді сенатор. Осы орайда, ол браконьерлік әрекеттерге қолданылған көліктерді сот шешімі бойынша мемлекет пайдасына тәркілеп, оларды жануарлар дүниесін қорғайтын органдар құзырына өткізуді ұсынды.
ҚазАқпарат
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
44 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
82 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
79 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
81 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
81 0

Кіру
Пікір үстеу